Атырау, 19 сәуір 13:44
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жәрдемақыдан бөлек жеңілдік бар

2 685 просмотра

- Мен ІІ топ мүгедегімін, 20 мың жәрдемақы аламын. Бұл ақшаға өмір сүру өте қиын. Жәрдемақыдан басқа мүгедектерге не тиесілі және коммуналдық қызметтерді төлеуге жеңілдіктер бар ма, соны біліп берсеңіздер екен.

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі Райхан САЛАМАТОВА жауап берді:

- Жылына бір рет мүгедектерге материалдық көмек төленеді, оның мөлшерін комиссия белгілейді. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақытөленеді. Ол ата-аналардың табысына  қарай есептеледі. Отбасында жан басына шаққандағы орташа табыс азық-түлік себетінің мөлшерінен аспауы тиіс, биылғы жылдың 1-тоқсанында оның мөлшері 10 915 теңгені құрады. Бұл жағдайда әр балаға есептік көрсеткіш бойынша 1 731 теңге тиесілі.

Мүгедек атаулы-әлеуметтік көмекала алады. Ол егер отбасында жан басына шаққандағы орташа айлық табыс кедейлік шегінен төмен болған жағдайда төленеді (осы тоқсанда бұл 7 276 теңгені құрады). Егер, айталық, отбасында жан басына шаққандағы орташа айлық табыс 5 000 теңгені құраса, онда кедейлік шегінен айырмашылық, яғни 2 276 теңге төленетін болады.

Сонымен қатар еңбекке жарамсыз мүгедектерге тұрғын үй көмегі төленеді. Ол баспананы күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, күрделі жөндеуге және (немесе) отбасының жиынтық табысының 6 пайызы мөлшерінде кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеу жарнасына төленеді.

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.