Атырау, 30 қараша 19:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 459.06
€ 503.77
₽ 5.16

...Тарыдай болып кіресің

2 939 просмотра

-Биыл 1-сыныпқа баратын баламды өзім қалаған мектепке апара алам ба, әлде міндетті түрде өзіміздің тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша бөлінген мектепке баруға тиісті ме? Егер кез келген мектепке апаруға рұқсат етілсе, қандай құжаттар жинақтауым керек?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім беру бөлімінің басшысы Римма ҚОБДАНОВА жауап берді:

- Қалалық білім бөлімі ата-аналардың ҚР «Білім туралы» Заңының 49-бабы 1-тармағы 1-тармақшасы негізінде баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар екендігін хабарлайды. Білім беру ұйымына қабылдау үшін тапсырылатын құжаттар:

1) ата-аналарынан (немесе заңды өкілдерінен) өтініш (еркін нысанда);

2) туу туралы куәліктің көшірмесі;

3) денсаулығы туралы анықтама;

4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын құжат;

5) 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосурет.

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.