– Алмагүл ықшамауданындағы №3 үйде орналасқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ абоненттік бөлімінде үнемі ұзын-сонар кезек тұрады. Газ төлемақысын тағы қайда төлеуге болады?
Телефон арқылы
Сұраққа «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ директоры Елдар ТАҒАШ жауап берді:
– Бүгінде Атырауда газ төлемақысын қабылдайтын кассалар Алмагүл м/а, №3 үй, Досмұхамедов көшесі, 4 («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ кеңсесі), Геолог поселкесі («Қазпошта» АҚ бөлімшесі), Балықшы поселкесі (округтік әкімдік, 1-қабат, бейсенбі және жұма күндері), Томарлы поселкесі (округтік әкімдік, сейсенбі сайын), Жұмыскер поселкесі (округтік әкімдік, сейсенбі сайын) мекен-жайында орналасқан. Сондай-ақ, газ төлемақысын Қазком, БТА, Альянс, «Цесна», Халық банктерінде және «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде қабылдайды. Үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап Алмагүл м/а, №3 үй және Досмұхамедов, 4 мекен-жайларында қосымша кассалар ашылған.