Атырау, 29 желтоқсан 01:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Балабақша жасына сай емес

6 615 просмотра

- Мен балабақша кезегінде 2011 жылдан бері тұрмын. Қызым 1 жас 9 айда. 2012 жылдың 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес, әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар береді. Осы заңға сүйене отырып, мен  қалалық білім бөліміне хат жолдадым. Бірақ аталған мекеме ҚР Үкіметінің 2004 жылдың 21 желтоқсанындағы №1353 қаулысының 12 тармағына сүйеніп, қызым 2 жасқа толмаған деп жауап қайтарды. Бірақ, ҚР «Білім туралы» Заңының 30-бабы 1-тармағында мектепке дейінгі тәрбие алты (жеті) жасқа дейін отбасында немесе бір жастан мектеп жасына дейінгі мекемелерде жүзеге асырылады делінген.
Осыған байланысты баланың балабақшаға 2 жастан бастап орналастырылатыны қандай нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілгендігін білейін деп едім. Және қызымды балабақшаға орналастыру үшін неше күн, неше ай бұрын аталған мекемеге жолығуым керек? Қандай тиісті құжаттар жинауым қажет?

К. Кенжебаев

Сұраққа қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Римма ҚОБДАНОВА жауап берді:

- ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесінің 12 тармағына сәйкес, балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау онда бос орынның болуына қарай ұйымдастырылады.

Үстіміздегі жылы мамыр айында құрылған комиссия 2010 жылы арыздары тіркелген 1833 азаматтың, сондай-ақ, мемлекеттік жеңілдікті пайдаланатын, мүгедек, жетім, жартылай жетім, көп балалы аналар, соғыс ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтардың өтініштері қанағаттандырылады.

Сіздің арызыңыз аталған жеңілдік түріне жатпайды, сондықтан балабақшадан орын кезегіңіздің келуіне байланысты қаралатынын хабарлаймыз. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына ерте жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама шыққанымен, мектепке дейінгі ұйымдарда «Бөбекжай» топтары болмағандықтан, балаларды 2 жастан бастап қабылдайды.

Қосымша ақпарат алу үшін қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөліміне жолығуыңыз сұралады. Мекен-жайы: Азаттық-65, 7 кабинет.

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.