– Жақында балабақша әкімшілігі біздің балаларымыз балабақшаға тек 31 мамырға дейін бара алатынын, ал содан кейін олар түлектер болғандықтан оларды балабақшаға апаруға құқығымыз жоқ екендігін ескертті. Алайда алдымыз жаз, алты жасар баланы күні бойына үйде жалғыз қалдыруға қорқамыз. Балабақша әкімшілігінің талаптары заңды ма?
Людмила.
Сұраққа қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі бас маманы Гүлнәр ЖОЛМҰҚАНОВА жауап берді:
– Балабақша әкімшілігінің әрекетінде заңға қайшы ештеңе жоқ. Шынымен де, мектепке дейінгі мекемелер түлектерді 31 мамырға дейін ұстауға құқылы. Ал бірінші маусымнан бастап қаладағы барлық балабақшаларда жаңа топтар құрыла бастайды. Сондықтан түлектер жаңа сәбилер үшін өз орындарын босатуға тиіс. Жазғы уақытта баланың немен айналысатынын ата-аналар өздері шешуі тиіс. Бала күтушінің немесе жеке балалар орталығының қызметіне жүгінуге болады.