– Мен Балықшыдағы жеке секторда Оң жақ Жоғарғы Перетаска көшесінде тұрамын. Бұрын бізде тұрақты түрде тышқандар мен егеуқұйрықтарды құрту жұмыстарын жүргізіп, үйлерді аралап арнайы улы заттар тарататын. Соңғы рет бұл 2011 жылы болды. Қазір суыққа байланысты сарайлар мен басқа қосалқы орынжайларда егеуқұйрықтар пайда болыпты. Неліктен оларды қазір уламайтын болған?
Телефон арқылы
Сұраққа «Атырау облыстық дезинфекция» ЖШС директорының орынбасары Александр ДУМЛЕР жауап берді:
– Бұл мәселеге қалалық ТКШ бөлімі жетекшілік етеді, біз бар болғаны орындаушылар ғанамыз. 2013 жылдың бюджетінде дератизациялауға қаржы салынбаған. Жыл сайын қансорғыш жәндіктер үшін ғана қаржылар қарастырылады. Жеке сектор тұрғындарына «егеуқұйрық, тышқан бар ма?» деп, есік соғып сұрайтын заманды ұмыту керек шығар. Базарда кеміргіштермен күресетін құралдар жеткілікті, өздеріңіз барып сатып алған жөн.