Атырау, 21 желтоқсан 22:07
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бұл - заңсыз

1 806 просмотра

- Менің балам ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сыныбында оқиды. Өз сынып жетекшісі сабақтан кейін сынып оқушыларының үлгерімін көтеру үшін әр оқушыдан сағатына 1000 теңгеден мектепте ақылы сабақтар өткізеді. Бір сыныптан осы қосымша сабақтарға 10 шақты бала қатысады. Сонда әр баладан 1000 теңгеден алғанда күніне мұғалім 10 000 теңге ақша табады екен. Осы қаншалықты заңды?

Телефон арқылы

Бұл сұраққа техникалық гимназия директоры София ӘЛІБЕВА комментарий берді:

- Мектеп ішінде оқушыларға ақылы түрде сабақ оқытуға мүлде болмайды. Бұл - заңсыз. Егер қосымша сабақ беретін болса, мұғалімнің  салық департаментіне тіркеліп, үйінен ғана оқытуға құқығы бар. Осы уақытқа дейін маған ешбір ата-ана келіп шағымданған жоқ. Егер осындай жағдай шынымен орын алған болса, ата-аналардың менің алдыма келіп, бәрін өз ауыздарымен түсіндіргенін сұраймын. Құқық бұзған мұғалімге қатысты шара қолданатын боламыз. Себебі, біз оқушылардың құқығын қорғау үшін қызмет етеміз.

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.