Атырау, 27 желтоқсан 03:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Лифт істеп тұр ма?»

2 088 просмотра

– Мен көп уақыттан бері ауыз су жеткізумен айналысатын Waterlife компаниясының тұтынушысымын. Бүгінгі күнге дейін қиындық туындамай, суды уақытында жеткізетін. Бірақ соңғы кездері курьерлер жоғарғы қабаттарға көтерілуден бас тартатын болған. Біз 10-қабатта тұрамыз. Ал, өкінішке орай, лифт бірде жасаса, бірде жасамай қалады. 19 литрлік бөтелкені көтерудің қиын екенін түсінемін, бірақ біз ақысын төлеуден бас тартпаймыз, тек суды уақытында жеткізсе болғаны. Мәселен, сенбі күні, таңертеңгі сағат 9-да суға тапсырыс бергенмін (4 балам бар, күйеуім жол жүріп кеткен). Күні бойына күттім, оны тек дүйсенбі күні кешкісін ғана әкелді. Мен директорымен кездескім келген, бірақ оның жоқ екендігін, қашан болатындығы белгісіз екендігін айтты. Неліктен компания басшылығы өз тұтынушыларына қарапайым құрметті көрсетпейді?

Телефон арқылы

Сұраққа Waterlife компаниясының менеджері Салтанат САМАЛИХОВА комментарий берді:

– Бұл жерде әңгіме «Гранд­-Атырау» үйі туралы болып отыр. Бұл үйде лифттердің жасамай қалатын кездері болады. Мұндай жағдайда клиенттер бізге қоңырау шалып, лифтінің жұмыс жасамайтынын ескертеді. Біз өз кезегімізде, жеткізуші жұмысшыларға ескертеміз. Кейбіреулері 19 литрлік бөтелкелерді 10-16-қабаттарға көтеруге денсаулықтары мүмкіндік бермейтінін айтып, бірден бас тартады. Мен оларды түсінемін, олардың күні бойына қаншама тапсырыстар орындайтынын өзіңіз ойлап көріңіз. Мәселен, бізде Алмагүл ықшамауданындағы 16 қабатты үйде тұратын тұтынушыларымыз бар. Жұмысшылар ол жерге тек подъезге дейін жеткіземіз, су керек болса, өздеріңіз түсіп алыңыздар деп айтады. Немесе жеткізушілер әр тұтынушымен өздері келіседі. Тұтынушылар тапсырыс берген кезде лифт жасай ма, жоқ па, үйлерінде болатынын-болмайтынын немесе жұмыстарымен шығып кететінін алдын ала ескерткендері жөн. Біз суды жеткізген кезде, пәтерлерінің есігін соқсақ, ешкім ашпайтын кездер болады. Көлік сынып қалады, кептелісте қалып қоямыз және т.б. жағдайлар болады ғой.

Басшылыққа келер болсақ, компания директоры шынымен де орнында отырмайды және оның қызметтік ұялы телефоны жоқ.

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.