- Оқу үздіктері мектептегі каникул кезінде Көкшетаудағы Бурабай лагерінде тегін демалады дегенді естігенмін. Ал бізден мектепте жолдама алу үшін 30 мың теңге талап етіп жатыр. Бұл дұрыс па?
azh.kz сайтынан
Сұраққа Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шәкіржан МЫРЗАҒАЛИЕВ жауап береді:
- Көкшетау облысындағы «Балдәурен» балалар лагеріне білім, өнер, спорт саласында жетістікке жеткен балалар жіберіледі. Квота бойынша демалысқа 15 дарынды бала жібереміз деп жоспарлап отырмыз. Тізімдер жасау мен үміткерлерді таңдауды қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері жүргізуде. Мұндай балалар үшін лагерьде демалу тегін. Ата-аналар тек жолақы құнын төлейді.
В Атырау +3