Атырау, 23 желтоқсан 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Бәрі де заң талаптарына сай болады

Оңайлатылған декларация негізінде шағын кәсіпорын (ЖШС) зейнетақы және әлеуметтік жарналарды қалай төлеуге тиісті? Айына бір рет пе, әлде, тоқсанға бір рет пе? Осы мәселеге қатысты бізде салық инспекциясының өкілімен арада жай ғана дау туып қоймай, мәселе сотқа дейін жетті. Сотта  мен зейнетақы жарнасы бойынша жеңіліп қалғаныммен, әлеуметтік жарналар бойынша жеңіп шықтым. Істі түрлі судьялар жүргізді. Енді тәуелсіз заңгерлерге жүгінсем деймін. Ай сайын төлеуге тиісті деген салық инспекциясы немесе салық кезеңі тоқсан  (438, 434-баптарда көрсетілгендей) болып есептеледі деген менікі дұрыс па, соны анықтағым келеді. 18 қаңтар 2012, 19:51 1 949 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Томограф неге жұмыс жасамады?

-Осыдан бір ай бұрын балам қатты сырқаттанып қалды. Дәрігерлер оны туберкулез деп рентгенге түсіргенімен, оның қорытындысы бойынша  алынған диагнозға да күмән келтірді. Компьютерлік томографиядан өту керек болды. Артынша біздегі облыстық ауруханадағы аппараттың жұмыс істемей қалғандығы анықталды. Содан науқас баламмен бірге Орал қаласына баруға тура келді. Осы жағдайға байланысты  менің көкейіме мынадай сауал ұялады: бізде жыл сайын денсаулық сақтау саласын қаржыландыру артып келеді, әсіресе, ақша жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінуде деген хабардан жалыққандаймыз. Егер облыстық ауруханада бір облыстың маңдайына біткен  жалғыз КТ аппараты жұмыс істемейтін болса, бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқаны? Айта кетейін, Оралда ондай аппараттың 4-і бар. 18 қаңтар 2012, 19:53 2 052 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Итке де дәрігердің көмегі қажет

-Кеше үй ауласынан жүгіріп жүрген қанден иттің күшігін көрдім, оның құйрығы кесіліп қалған, жарақатынан қан тамып тұр. Мұндай құйрықтары шолақ иттерді көшеден көптеп кездестіруге болады.  Сондайда қаланы айуандық жайлап кеткен бе деген сезімде боласың. Иттердің құйрығын қандай жағдайларда кесіп отыратындығын түсіндіріп кетсеңіздер? 18 қаңтар 2012, 19:54 2 340 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Диплом емес, тіркелген куәлік керек

- Мен ҚР ІІМ академиясын бітірдім. Құқық қорғау органдарына жұмыс орналасайын деп, құжаттар толтырып, жүйке аурулары диспансеріне оларда есепте тұрмағаным жөнінде анықтама  алу үшін барғанымда менен әскери билетті талап етті. Мен оларға өзімнің академияда оқығанымды, арнайы дипломым бар екендігін түсіндірсем де олар маған құлақ аспады, бәрібір әскери билетті талап етті. Мен не істеуім керек? 18 қаңтар 2012, 19:55 2 249 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек келісім-шартының ережелері

– Жұмыс беруші мекемеміздің Теңіз кенішіндегі негізгі мердігермен жасалған келісім-шартының мерзіміне сәйкес етіп, бізбен еңбек келісім-шартын жасады. Бұл туралы келісім-шартта көрсетілген. Келісім-шарт мерзімі өткеннен кейін (екі айдан соң) жұмыс беруші бізбен еңбек қарым-қатынасын тоқтатып, жұмыс көлемінің біткенін түсіндірді. Жұмыстан босату туралы бұйрықта «еңбек келісім-шарты мерзімінің бітуіне байланысты, Еңбек Кодексінің 51-бабының 2-тармағы» деп көрсетілген. Қазір біз жұмыссыз қалдық. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? 11 қаңтар 2012, 21:06 11 354 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақша неге аударылмады?

– Облыстық маңыздағы дербес зейнеткер ретінде ай сайын зейнетақыма қосымша 2 мың теңгедей алып тұратын едім. Ақша зейнетақы есеп-шотымнан бөлек түсетін. Аз ғана сома болғандықтан ақшаны әдетте жарты жылда немесе жылына бір рет алатын едім. Осы жолы да солай етпек болғанмын. Бірақ 2011 жылы маған бұл ақшаны аудармаған боп шықты. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына барып едім, ондағылар бұл төлемнің олар арқылы жүргізіл-мейтінін айтты. Өткен жылы маған бұл қаржыларды неліктен аудармағанын анықтау үшін қайда хабарласқаным жөн? 11 қаңтар 2012, 21:20 2 029 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қашқын қаңғыбас

– Біз Авангард-3 мөлтек ауданындағы  №41 үйде тұрамыз. Желтоқсанда біз үйдің жертөлесіндегі қаңғыбастардың арақ ішіп, төбелесіп, жертөледе от жаққандарының салдарынан  4 рет полиция және 2 рет өрт қызметін шақырған болатынбыз. Біздің «Әнуар» ПИК-нің төрайымы  жертөледегі тесікті бітеуге уәдесін берген еді, алайда, әлі күнге дейін орындаған жоқ. Бұл  жағдайда өрт сөндірушілер мен учаскелік инспектордың және ПИК-нің ешқандай өзара байланыстарының болмауы таңдандырады. Қалада орын алған терактілерден кейін барынша сақ болу керек емес пе?! 4 қаңтар 2012, 22:48 2 027 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Екі ауылға үш автобус

– Қазір Привокзальныйдан Мирас және Жұлдыз поселкелеріне бар-жоғы 3 ПАЗ автобусы ғана жүреді, басқа қоғамдық көлік құралы жоқ. Және ол автобустардың барлығы да адамға лық толы болады. Геолог поселкесіндегі мектепте оқитын біздің балаларымыз сабаққа жаяу барады, яғни, адамға толы автобус жүргізушілері оларға тоқтамайды да. Бұдан басқа, автобус жүргізушілері жұмыстарын кешкі жетіде бітіріп тастайды. Бұл маршрутқа қашан тәртіп енгізіледі? 4 қаңтар 2012, 22:49 2 438 рет қаралды
Сұрақ-жауап

БТИ-ға келіңіз!

– Осы аптаның ішінде жеке тұрғын үй салу үшін жер үлесін алуға өтініш бергім келген, алайда, өз атымда тіркелген жер учаскесі жоқ деген анықтаманы бірнеше күн болды, әлі ала алмай жүрмін. БТИ-ға барғанымда олардың 21 қарашадан бастап, Сәтбаев, 23 мекен-жайына көшіп кеткендігін айтты. Бірақ олар ол жерде де болмай шықты. Мен БТИ мен халыққа қызмет көрсету орталығының арасында 3 күн жүрдім, бәрібір анықтаманы ала алмадым. 4 қаңтар 2012, 22:53 5 046 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақыңызды мұқият есептетіп алыңыз!

- Менің жасым 62-де. Қазір жұмыстамын. Бұған дейін қысқартуға түсіп, екі жылдай жұмыссыз болдым. Маған зейнетақы қалай есептеледі? Жұмыс өтілімнің үзіліп қалғаны кері әсер етіп, ең төменгі зейнетақы есептеліп қалмай ма? Зейнетке шыққан соң жиналған ақшамды бірден ала аламын ба? 4 қаңтар 2012, 22:56 3 781 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек өтіліңізді сот арқылы даулайсыз

-Мен «Дәулетьяров» ЖК-да көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген едім. Кейін жалақысы аз болған соң шығуыма тура келді. Ал көп кешікпей  бұл жеке кәсіпкерлік жабылып қалды. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелу үшін және арнайы курс оқиын десем, ондағылар мені жұмыстан ресми түрде шығып кел деп өтінішімді қабылдамай отыр. Мекеме зейнетақы қорыма да ақша аударылмаған. Сонда ЖК жабылып қалса, мен қалай жұмыста тұрған болып есептелем? 4 қаңтар 2012, 22:59 2 128 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ЖИН алуға асығыңыз

- Менің сұрайын дегенім, жеке идентификациялық нөмір (ЖИН) 2008 жылы және 2010 жылы туылған балаларымның туу туралы куәлігіне қажет пе? Ал өзімнің жеке куәлігімнің берілген күні: 27.12.2004 жыл. ЖИН менде де жоқ. Қалай болады? 8 желтоқсан 2011, 18:50 2 638 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Пәтер кезегін қалай білеміз?

- Мен жақында Сәтбаев көшесі, 20-үйде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына барып, пәтер кезегіне тұрдым. Енді пәтер кезегін білу үшін ондағы мамандар маған алты айдан кейін ғана келесіз дейді. Бұрын пәтер кезегін ай сайын біле алатын еді ғой? Кезегіміздің әділ жылжып отырғанына қалай көз жеткіземіз? Қолымызға берген пәтер кезегінің нөмірі жазылған түбіртекте мөр де басылмаған. Ол дұрыс па? 8 желтоқсан 2011, 18:51 9 162 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қызметкердің пікірі ескеріледі

- Компания басшылығы 2012 жылға арналған еңбек демалыстарының бекітілген кестесіне қол қоюды талап етіп отыр. Басшылық кестені қызметкерлерге мәлім етпестен бекітуге құқылы ма? Мәселен мен, еңбек демалысына жазда емес, күзде барғым келеді... 7 желтоқсан 2011, 20:59 2 748 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қарыз қайтарылуы тиіс

– Біз Балықшыдағы Құнанбаев көшесі, №24 үйде тұрамыз. Осыдан бірнеше ай бұрын «Асланбек» ПИК қызметкерлері  бізге ешқандай ақы төлемейсіңдер деп уәде беріп,  термомодернизация бағдарламасына қатысу үшін біздің жазбаша келісімімізді алған болатын. Енді міне, біздің қалай болғанда да ақы төлейтіндігіміз белгілі болды, яғни, біз ай сайын 10 жыл бойына 2 000 теңгеден төлеуге міндетті болдық. Бізге ешқандай да сметаны көрсеткен жоқ. Подъезіміз әйнектен жұрдай, сол баяғы сыз бен сасық иіс. Тек жертөледегі жылу құбырларын ғана ауыстырды. Біз таяуда көшетін болғандықтан, ақыны төлеуден бас тарттық. 7 желтоқсан 2011, 21:00 1 895 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жекешелендіру енді жүргізілмек

– Бұрын біз ағамыз екеуміз С.Датов көшесі, 21 үйдегі жатақханада тұрған едік. 2006 жылы жатақхананы бұзды, қолымызға қала әкімінің қаулысы негізінде Аманшин көшесі, 74 үйден екі бөлмелі пәтерге ордер берді.  Біз содан бері қарай баспанамызды жекешелендіре алмай келеміз. Алдымен... 7 желтоқсан 2011, 21:01 2 029 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақша бөлсе, әткеншек жасау қиын емес

– Біздің Тайманов көшесі, 58 үйдің ауласына балалар алаңын  - ойын төбешіктері мен орындықтарды және құм алаңын орнатты. Басқа аулаларда әткеншектер мен турниктер  бар. Балалар алаңын жасақтау жиынтықтары неліктен түрліше? Әлде мердігерлері әр түрлі ме? 7 желтоқсан 2011, 21:03 2 715 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Коммуналдық көмек жойылады

– Біз, ауған соғысының ардагерлері жәрдемақыдан бөлек 3 мың теңгенің үстінде артық ақша алып отырмыз, бұл дәрі-дәрмекке берілген болуы керек. Жәрдемақымды алып жүрген пошта бөлімшесіндегілер таяу уақытта үстеме төлем мөлшерінің қысқартылатындығын айтты. Бұл неге байланысты екен? 30 қараша 2011, 19:59 2 187 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Желілік теледидардағы жеңілдіктер

– 2011 жылғы 29 қыркүйектегі «АЖ» газетінің №39 санында «ТВС ТV» кабельдік желісінің менеджері Қарлығаш БЛЯШЕВАНЫҢ өз абоненттеріне ұсынатын жеңілдіктері туралы қойылған сұраққа жауабы жарияланды. Менің жұбайым – Ауған соғысының ардагері. Жауапта айтылғандай. Ол «ТВС ТV» қызметін тегін алуға құқылы. Алайда, кабельдік теледидар компаниясына хабарласқан кезде, бізге «АЖ» тілшісі бәрін шатастырған деп мәлімдеп, жеңілдіктер беруден бас тартты. Сонда қалай болғаны? 30 қараша 2011, 20:01 2 179 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жеке бас куәлігі жеткілікті

– Бірнеше айдан бері белгісіз себептермен жерлеу жәрдемақысын ала алмай келеміз. Мәселе мынада: қайтыс болғандығы туралы анықтама жеке бас куәлігі бойынша жазылыпты. Онда әжемнің қыз күніндегі фамилиясы көрсетілген. Ал неке туралы куәлік бойынша әжем күйеуінің фамилиясын алған екен. Бірақ неліктен екені белгісіз, фамилиясын жеке басын куәландыратын басқа құжаттарда ауыстырмаған боп шықты. Енді мемлекеттік жәрдемақы төлеу орталығының аудандық бөлімінің қызметкерлері құжаттардағы фамилияны өзгертуді талап етіп, бізге жәрдемақы беруден бас тартып отыр. Осы заңды ма? 30 қараша 2011, 20:02 2 269 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тәубеге келмейтін күйеу

– Менің құрбым ІІ топ мүгедегі (онкологиялық сырқаттан кейін), 17 және 11 жастағы екі баласы бар. Үлкен қызының есту қабілетінде кінәрат бар. Ал баласы неврологиялық сырқатқа шалдыққан. Көп жыл бұрын ол күйеуімен ресми түрде ажырасқан. Бірақ онымен бірге салған үйде бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болып отыр. Бірақ онда балалар тұрады деген шартпен үйді салуға қаржының көп бөлігін құрбымның әпкесі берген еді. Енді бұрынғы күйеуі құрбымды екеуінің ортақ балаларымен бірге үйден қуып отыр. Күйеуін қалай тәубесіне келтірсек екен? Кезінде құрбым алимент алуға арыз берген болатын, бірақ ақыры алимент те ала алмады. Бұрынғы күйеуі жұмыс істемейтінін, сондықтан да балаларына ештеңе бере алмайтынын айтады. 30 қараша 2011, 20:04 2 252 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дәрігер Африкада да дәрігер

– Өзім жұмыс жасайтын кәсіпорынның есеп бөлімі дәрігерлік мекеме емеспіз деп маған тиесілі үстеме ақымды төлеуден бас тартып отыр. Бұл үстеме ақы ҚР үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 (19 жалғама, 12-тармақ, 3-тармақша) қаулысына сәйкес төленуі тиісті ме? Егер тиісті болса, ТЖМ ведомстволарының бірінде құтқарушы отрядында жұмыс жасайтын және бірінші санатты дәрігерге дәрігерлерге кәсіби санаттылығы үшін төленетін үстеме ақының мөлшері қандай? 23 қараша 2011, 20:51 2 314 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«Түнгі» тариф

-Түнде біздің пәтердің жылу құбырынан су ағып, оны өз күшімізбен тоқтатуға тура келді. Судың қатты арынынан, оның үстіне суды қайдан тоқтатуды білмегендіктен көршімізге су кетіп қалды. Қалада кез-келген уақытта шақыртуға келетін, мейлі, ол ақылы болса да қызмет көрсететін апатты қызмет орындары бар ма? 23 қараша 2011, 20:52 1 692 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шенді алу соттың құзырында

– Айыпталушылар орындығынан құқық қорғау қызметкерлері жиі орын алып жатады. Алайда, оларды шендерінен түгел айырып жатпайды. Мәселен, өткен жылы сотталған  «Күзеттегі» есірткі сатушы лейтенант  Дәулетовті арнайы атағынан айырды, ал, оның есірткі салушы қалалық ІІБ-дегі әріптестерін (Саргсян, Сиранов, Мұқашев, Ахметов) өз шендерінде қалдырды. Осы қылмыскерлердің арасында олардың шендерінің қандай айырмашылықтары бар? 23 қараша 2011, 20:54 1 747 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жұмыстан өз еркімен кету

– Мен кәсіпорында 2 жылдай еңбек еттім. Штат қызметкерлерінің санын қысқарту жөніндегі бұйрықпен мені жұмыстан шығарды, бірақ, алдағы қысқарту жөнінде мен тек бір ай бұрын ғана білдім. Әрине, мен мұнымен келіспедім де сотқа шағымдандым. Қалалық соттың шешімімен менің талап арызым қанағаттандырылмай қалды. Менің жұмыстан шығарылуым мен соттың шешімі заңды ма? Бұл тұрғыда прокуратураның пікірі қандай? 23 қараша 2011, 20:56 2 935 рет қаралды