Атырау, 27 шілде 04:42
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Жел тұрса, жарық та жалп етеді

1 828 просмотра

– Томарлы поселкесіндегі Сәулен Жұмағазиев көшесі қашан асфальтталады? Поселкедегі электр желілері қашан ретке келтіріледі? Жел тұрса болды, жарық өшеді де қалады.

К. Байғара

Бізге қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ хабарлағанындай, Жұмағазиев көшесін асфальттау мүмкіндігі 2012 жылға арналған қала құрылысы жоспарын нақтылау барысында қаралатын болады. «Электр желілеріне келетін болсақ, Томарлы поселкесіндегі қазіргі электр желілерін осы елді-мекен тұрғындарының өздері жүргізіп алды. Бұл жерге электр желілері  типтік жоба бойынша жүргізілуі тиіс. Поселке тұрғындарына қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімінің бастығы Виктор ЦОЙҒА жолығулары керек»,-дейді Ә.Нұрлығожиев.  

7 желтоқсан 2011, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.