Атырау, 5 қазан 13:38
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жеке бас куәлігі жеткілікті

2 090 просмотра

– Бірнеше айдан бері белгісіз себептермен жерлеу жәрдемақысын ала алмай келеміз. Мәселе мынада: қайтыс болғандығы туралы анықтама жеке бас куәлігі бойынша жазылыпты. Онда әжемнің қыз күніндегі фамилиясы көрсетілген. Ал неке туралы куәлік бойынша әжем күйеуінің фамилиясын алған екен. Бірақ неліктен екені белгісіз, фамилиясын жеке басын куәландыратын басқа құжаттарда ауыстырмаған боп шықты. Енді мемлекеттік жәрдемақы төлеу орталығының аудандық бөлімінің қызметкерлері құжаттардағы фамилияны өзгертуді талап етіп, бізге жәрдемақы беруден бас тартып отыр. Осы заңды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы РМҚК АФ бастығының орынбасары Алмагүл ШАТЕНОВА түсінік берді. «Қайтыс болғандығы туралы анықтама марқұмның жеке бас куәлігінің негізінде беріледі. МЗТО базасындағы бүкіл мәліметтер де жеке бас куәлігімен енгізіледі. Жерлеуге жәрдемақыны рәсімдеу үшін жәрдемақы алушылардан басқа құжаттар талап етпеуі тиіс. Жәрдемақы алушыдан марқұмның қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі, қайтыс болғандығы туралы анықтама (түпнұсқасы), алушының жеке бас куәлігі, оның СТН-і мен банктік есеп-шот реквизиті талап етіледі. Жәрдемақы туысқаныңыз қайтыс болған күннен бастап 3 күннен кешіктірілмей төленеді. Бүгінгі күні жерлеу жәрдемақысы 22 680 теңге құрайды».

30 қараша 2011, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.