Атырау, 25 сәуір 12:09
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Дәрігер Африкада да дәрігер

2 018 просмотра

– Өзім жұмыс жасайтын кәсіпорынның есеп бөлімі дәрігерлік мекеме емеспіз деп маған тиесілі үстеме ақымды төлеуден бас тартып отыр. Бұл үстеме ақы ҚР үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 (19 жалғама, 12-тармақ, 3-тармақша) қаулысына сәйкес төленуі тиісті ме? Егер тиісті болса, ТЖМ ведомстволарының бірінде құтқарушы отрядында жұмыс жасайтын және бірінші санатты дәрігерге дәрігерлерге кәсіби санаттылығы үшін төленетін үстеме ақының мөлшері қандай?

Телефон арқылы

Сауалға ҚР халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік еңбек  инспекторы Төлеген ОСПАНҚҰЛОВ жауап береді:

«Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын азаматтық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу жүйесі ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысымен (одан әрі қаулы) белгіленеді.

Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қызметкерлер, азаматтық қызметкерлер және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері үшін бірыңғай тарификация, қосымша төлемақы және үстеме ақы қаулыға тіркелген №19-шы қосымшада қарастырылған. Мәселен, бірінші санаттағы дәрігерлік медициналық қызметкер үшін олардың базалық лауазымды еңбекақысы 120% көбейтіледі. Қосымша еңбекақы қызметкердің аттестациядан өту қорытындылары негізінде өкілетті орталық мемлекеттік орган белгілеген тәртіп бойынша тағайындалады. Қаулының 4-тармағына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері үшін еңбек талаптарына қарай тағайындалған қосымша еңбекақы және үстеме ақы қызметтің басқа саласында да осыған сәйкес лауазымдарда жұмыс істейтін және мамандығы бойынша жұмысты орындаушы қызметкерлерге де қолданылады».

23 қараша 2011, 20:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.