Атырау, 24 қазан 09:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Ақша бөлсе, әткеншек жасау қиын емес

2 555 просмотра

– Біздің Тайманов көшесі, 58 үйдің ауласына балалар алаңын  - ойын төбешіктері мен орындықтарды және құм алаңын орнатты. Басқа аулаларда әткеншектер мен турниктер  бар. Балалар алаңын жасақтау жиынтықтары неліктен түрліше? Әлде мердігерлері әр түрлі ме?

Телефон арқылы

«Ойын төбешіктерінің жиынтығы бюджеттен бөлінген қаржыға байланысты болады, - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өндірістік-техникалық секторының маманы Норбек МОНТАЕВ. – Жыл басынан бері 83 балалар алаңы орнатылды, тағы да 29-ын балабақшаға орнатуды және қала бойынша сондай 40 алаңды жасақтауды жоспарлап отырмыз. Мердігерлер– «Мұнай-ҚұрылысСервис» және «СнабОйлСтрой».

Алаңның стандартты жиынтығы  – ойын төбешіктері, турник, әткеншек, орындықтар мен теңгергіш (балансир). Орнатылған 83 алаңның 33-і пластикалық, олар әрине, әдемі болып келеді, металды түрінен қымбаттырақ. Балалар алаңдарын орнату бойынша жұмыстар келесі жылы да жалғаса ма, ол мәселе бюджет қаралған кезде шешілетін болады».

7 желтоқсан 2011, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.