Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Томограф неге жұмыс жасамады?

1 922 просмотра

-Осыдан бір ай бұрын балам қатты сырқаттанып қалды. Дәрігерлер оны туберкулез деп рентгенге түсіргенімен, оның қорытындысы бойынша  алынған диагнозға да күмән келтірді. Компьютерлік томографиядан өту керек болды. Артынша біздегі облыстық ауруханадағы аппараттың жұмыс істемей қалғандығы анықталды. Содан науқас баламмен бірге Орал қаласына баруға тура келді. Осы жағдайға байланысты  менің көкейіме мынадай сауал ұялады: бізде жыл сайын денсаулық сақтау саласын қаржыландыру артып келеді, әсіресе, ақша жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінуде деген хабардан жалыққандаймыз. Егер облыстық ауруханада бір облыстың маңдайына біткен  жалғыз КТ аппараты жұмыс істемейтін болса, бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқаны? Айта кетейін, Оралда ондай аппараттың 4-і бар.

Телефон арқылы

Сауалға облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дәулен ЕЛЕУОВ жауап береді. «Шынында да компьютерлік томограф бір жарым ай бойы зауыттан шыққандағы ақаулығы салдарынан жұмыс істемей қалды. Жаңа томограф бір апта жұмыс істегеннен соң бұзылып қалып, біз берілген кепілдігі бойынша құрал-жабдықты жеткізушіні шақырттық. Жөндеу үшін кейбір қажетті деген құралдарды ауыстыруға тура келді және оған уақыт та кетті. 9 қаңтардан бастап томограф іске қосылды». 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ бұған қосымша былай деп хабарландырды, таяу күндерде облыстық ауруханада магнитті-резонансты томограф (МРТ) жұмыс жасайтын болады. Бүгінгі күні құрал-жабдықты орнату жұмыстары жүргізіліп, мамандар шетелде оқытылуда екен. Мұндай аппараттың біздің қалада тек жеке бір клиникада ғана бар екендігін естеріңізге сала кетейін және ол аппарат арқылы тексерілу бағасы 20 000 теңге.

-Емхана дәрігерлерінің анықтамасы бойынша осы МРТ-дан  тексеруге жолдама алған  және оның қажеттілігі салалы мамандармен расталған науқастарға кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін қызмет көрсетілетін болады,- дейді М.Өтепқалиев.  – Егер адамдар жолдамасыз тексерілетін болса, онда ақылы түрде қызмет көрсетіледі. Бірақ, оның бағасы жеке клиникаларға қарағанда төмен болады.

18 қаңтар 2012, 19:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.