Атырау, 23 сәуір 22:31
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Диплом емес, тіркелген куәлік керек

2 022 просмотра

- Мен ҚР ІІМ академиясын бітірдім. Құқық қорғау органдарына жұмыс орналасайын деп, құжаттар толтырып, жүйке аурулары диспансеріне оларда есепте тұрмағаным жөнінде анықтама  алу үшін барғанымда менен әскери билетті талап етті. Мен оларға өзімнің академияда оқығанымды, арнайы дипломым бар екендігін түсіндірсем де олар маған құлақ аспады, бәрібір әскери билетті талап етті. Мен не істеуім керек?

Телефон арқылы

Сауалға Атырау облысы қорғаныс ісі жөніндегі департамент бастығы Ардақ ҚУҚАТОВ жауап береді: «Егер ер адам әскерге шақырылатын, яғни, 27-ге дейінгі жаста болса, онда оның қолында тіркелген куәлігі болуы тиіс. Жасы 27-ден асқан соң оны әскери міндеттілер запасына көшіреді, ал, құжатта оның әскерде неліктен болмағандығы көрсетіледі. Сондықтан да сауал беруші оқырманның өзінің аяқтай қорғаныс істері жөніндегі қалалық басқармаға келгені жөн, сол жерде оның құжаттарын қарап, барлығын түсіндіріп береді».

18 қаңтар 2012, 19:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.