Атырау, 28 желтоқсан 23:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тәубеге келмейтін күйеу

2 141 просмотра

– Менің құрбым ІІ топ мүгедегі (онкологиялық сырқаттан кейін), 17 және 11 жастағы екі баласы бар. Үлкен қызының есту қабілетінде кінәрат бар. Ал баласы неврологиялық сырқатқа шалдыққан. Көп жыл бұрын ол күйеуімен ресми түрде ажырасқан. Бірақ онымен бірге салған үйде бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болып отыр. Бірақ онда балалар тұрады деген шартпен үйді салуға қаржының көп бөлігін құрбымның әпкесі берген еді. Енді бұрынғы күйеуі құрбымды екеуінің ортақ балаларымен бірге үйден қуып отыр. Күйеуін қалай тәубесіне келтірсек екен? Кезінде құрбым алимент алуға арыз берген болатын, бірақ ақыры алимент те ала алмады. Бұрынғы күйеуі жұмыс істемейтінін, сондықтан да балаларына ештеңе бере алмайтынын айтады.

www.azh.kz сайтынан

Сұраққа Атырау қалалық сотының судьясы Анжелика ІЗТІЛЕУОВА жауап береді:

– Бұл дауды сот тәртібімен шешуге тура келеді. Егер ол әйел алимент төлеу туралы арыз берген болса, онда оған сот шешімінің орындалуына қол жеткізу керек. Ол үшін оған сот орындаушыларына жүгіну, сондай-ақ, бұрынғы ерлі-зайыптыларға мүлікті бөліске салу қажет. Ол үшін әйел сотқа үйді ортақ меншік деп тану туралы талап-арыз беруі тиіс. Жалпы, әйелге кеңес беру керек және әрі қарай адвокаттың көмегі қажет болуы мүмкін.

30 қараша 2011, 20:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.