Атырау, 9 қараша 17:24
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

БТИ-ға келіңіз!

4 791 просмотра

– Осы аптаның ішінде жеке тұрғын үй салу үшін жер үлесін алуға өтініш бергім келген, алайда, өз атымда тіркелген жер учаскесі жоқ деген анықтаманы бірнеше күн болды, әлі ала алмай жүрмін. БТИ-ға барғанымда олардың 21 қарашадан бастап, Сәтбаев, 23 мекен-жайына көшіп кеткендігін айтты. Бірақ олар ол жерде де болмай шықты. Мен БТИ мен халыққа қызмет көрсету орталығының арасында 3 күн жүрдім, бәрібір анықтаманы ала алмадым.

 www.azh.kz сайтынан

Сауалға қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары Нәсіпқали СТАМҒАЗИЕВ түсінік береді. «Облыс прокурорының жер учаскесі жоқ деген анықтаманы мекемелердің сұратуы тиіс емес деген талабына қарамастан бізге осы құжатты сұраған адамдар келуді жалғастыруда. Қазан айының аяғы мен қарашаның басында осы анақтаманы сұраған адамдар шектен тыс көбейіп кетті, бізге тіпті, бір күнде 700 анықтама беруге тура келді. Сондықтан да Сәтбаев көшесі, 23 мекен-жайдағы ХҚО-нан біз екі қосымша терезе аштық. Адамдардың бұлайша көбеюі ТКШ бөлімінің құжаттарды толықтыруына байланысты болды. Қазір адамдардың дүрлігуі басылды, қазір өзіміз де беріп үлгеріп жатырмыз. Сіз БТИ (салық инспекциясының жанында) ғимаратындағы қалалық жер қатынастары бөліміне, яғни, жанама салынған 1 қабаттағы №11 терезеге келуіңіз керек».

4 қаңтар 2012, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.