- Үйді күрделі жөндеуге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын ұсыну ережесі ҚР Үкіметінің қандай қаулысымен бекітілген?
ҚР Үкіметінің қаулысымен кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын ұсыну ережесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес бекітілді. Осы Ереженің мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылы 8 желтоқсандағы №238 Атырау Мәслихатының шешімімен «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну туралы» ереже бекітілді.
- Бізде тұрғын үй көмегі төленеді деп естідім. Ол кімдерге беріледі?
Тұрғын үй жәрдемақысы белгілі бір тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті төлеу үшін беріледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну шығындары отбасының жиынтық табысының 6 пайызынан асып кеткен жағдайда белгіленеді.
- Үйімізде күрделі жөндеу жүргізілуде. ПИК қызметкерлері менің тұрғын үй жәрдемақысын рәсімдей алатынымды айтады. Мұны қалай жасау керек?
Тұрғын үйлерге күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты берiлетiн көмек өзіңіз тұратын бір пәтер ғана сіздің атыңызға тіркелген болса және коммуналдық қызметтi пайдалану және күрделі жөндеу шығындары отбасы бюджетiнiң жалпы табысының 6 пайыздық үлесiнен асып кеткен жағдайда ғана берiледi. Қазір көп үйлерде күрделі жөндеу жүргізілуде. Біздің мамандарымыз тұрғын үй көмегін көрсету үшін түсіндірмесі және құжаттар тізімі бар хаттарды қайтадан таратып жүр. Назар аударып қараңыз, бәлкім сізге де тұрғын үй көмегі тиесілі болар.
- Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін қайда бару керек және оған қандай құжаттар қажет?
Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып, төмендегідей құжаттармен өтініш жасайды:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі, яғни, алаң мөлшері мен бөлме саны көрсетілген сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты және т.б.;
- коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация қызметтерін төлегендігі туралы түбіртек;
- азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
- «Қазпошта» АҚ-дағы дербес есеп-шоты;
- телефонға типтік келісім-шарт;
- үйлеріне күрделі жөндеу жүргізілетіндерге күрделі жөндеуге қаржы жинау үшін ай сайынғы жарналар мөлшері туралы шот (ПИК-тің жалпы жиналысында бекітілген шығындар сметасының негізінде).
- Тұрғын үй көмегін алуға бәрінің құқығы бар ма?
Тұрғын үй көмегін меншігінде біреуден көп пәтері бар отбасылар, сондай-ақ, егер отбасында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелмеген еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істемейтін тұлғалар болса ала алмайды.
- Жеке секторда тұрамын. Тұрғын үй көмегін алу үшін өтініш бере алам ба?
- Иә, сіз көппәтерлі үйлерде тұратын отбасылар секілді тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш бере аласыз.
- Мен 2 бөлмелі пәтерде тұратын жалғызбасты зейнеткермін. Тұрғын үй көмегі маған қалай есептеледі?
Екі және одан да көп бөлмелерде тұратын жалғызбасты зейнеткерлер, егер пайдалы алаң 36 шаршы метрден аспаса, тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар.
Түсіндірме алу үшін Шәріпов көшесіндегі, 4а мекен-жайындағы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің №1 кабинетіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Тел: 45-04-71.