Атырау, 21 желтоқсан 22:03
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қарыз қайтарылуы тиіс

1 802 просмотра

– Біз Балықшыдағы Құнанбаев көшесі, №24 үйде тұрамыз. Осыдан бірнеше ай бұрын «Асланбек» ПИК қызметкерлері  бізге ешқандай ақы төлемейсіңдер деп уәде беріп,  термомодернизация бағдарламасына қатысу үшін біздің жазбаша келісімімізді алған болатын. Енді міне, біздің қалай болғанда да ақы төлейтіндігіміз белгілі болды, яғни, біз ай сайын 10 жыл бойына 2 000 теңгеден төлеуге міндетті болдық. Бізге ешқандай да сметаны көрсеткен жоқ. Подъезіміз әйнектен жұрдай, сол баяғы сыз бен сасық иіс. Тек жертөледегі жылу құбырларын ғана ауыстырды. Біз таяуда көшетін болғандықтан, ақыны төлеуден бас тарттық. 

 www.azh.kz сайтынан

Сауалға қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап береді:

– Құнанбаев көшесіндегі №24 көп қабатты 50 пәтерлік үйді ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі №473 қаулысымен бекітілген ТКШ бөлімінің модернизациялау бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл үй 2000 жылы салынған, жалпы алаңы  2 717,5 шаршы метр. 3 тамызда болған тұрғындардың бірінші жиналысында күрделі жөндеуге пәтер иелерінің 37-сі (74%) өз келісімдерін берді.  Шатырды, жылу жүйесін және канализацияны жөндемек болып шешті. Екінші жиналыс 5 қыркүйекте болды, онда пәтер иелерінің 2/3-і жалпы сомасы 6 187 122 теңге болатындай тек жылу жүйесі мен канализацияны жөндеу сметасын бекітіп қойды. 1 шаршы метрді жөндеу құны 18,97 теңгені құрайды. Мәселен, жалпы алаңы 46 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтер иесі ай сайын жөндеу үшін  872,76 теңге төлеуге міндетті. 10 жыл бойғы қайтарым сомасы – 104 731 теңге.

Төлем төлеуден бас тартуға келетін болсақ, бәрібір төлеуге тура келеді. Өйткені үй тұрғындарының басым бөлігі сметаны бекітіп алған. Пәтер иесі ауысқан жағдайда қарызды жаңа көшіп келген тұрғындар төлейтін болады.

7 желтоқсан 2011, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.