Атырау, 26 сәуір 15:27
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Желілік теледидардағы жеңілдіктер

1 912 просмотра

– 2011 жылғы 29 қыркүйектегі «АЖ» газетінің №39 санында «ТВС ТV» кабельдік желісінің менеджері Қарлығаш БЛЯШЕВАНЫҢ өз абоненттеріне ұсынатын жеңілдіктері туралы қойылған сұраққа жауабы жарияланды. Менің жұбайым – Ауған соғысының ардагері. Жауапта айтылғандай. Ол «ТВС ТV» қызметін тегін алуға құқылы. Алайда, кабельдік теледидар компаниясына хабарласқан кезде, бізге «АЖ» тілшісі бәрін шатастырған деп мәлімдеп, жеңілдіктер беруден бас тартты. Сонда қалай болғаны?

А. Т.

Газет тілшісінің тарапынан ешқандай қателіктер болмағанына сендіреміз. «Бұл біздің қызметкеріміз – менеджер Қ.Бляшеваның қателігі», - деді «ТВС ТV» компаниясының бухгалтері Күләш ӨТЕПОВА.

2009 жылғы 2 қаңтардағы №2 бұйрыққа сәйкес, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен осы соғысқа қатысушылардың жесірлеріне қызметтер тегін ұсынылады. 30 пайыздық жеңілдік І топ мүгедектеріне, бала кезден мүгедектерге 16 жасқа дейін, ауған соғысының ардагерлеріне, соғыс кезінде тылда жұмыс істеген еңбеккерлерге ұсынылады.

30 қараша 2011, 20:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.