– Айыпталушылар орындығынан құқық қорғау қызметкерлері жиі орын алып жатады. Алайда, оларды шендерінен түгел айырып жатпайды. Мәселен, өткен жылы сотталған «Күзеттегі» есірткі сатушы лейтенант Дәулетовті арнайы атағынан айырды, ал, оның есірткі салушы қалалық ІІБ-дегі әріптестерін (Саргсян, Сиранов, Мұқашев, Ахметов) өз шендерінде қалдырды. Осы қылмыскерлердің арасында олардың шендерінің қандай айырмашылықтары бар?
Телефон арқылы
Сауалға Атырау облысы прокурорының орынбасары Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ жауап береді: «ҚР ҚК 50-бабына сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталу барысында кінәлінің жеке басын есепке ала отырып сот оны құрметті, әскери, арнайы және басқа да атақтарынан, кластық шенінен, дипломатиялық рангтарынан, біліктілік дәрежесінен айыра алады.
Осылайша, арнаулы атағынан айыру түріндегі қосымша жаза міндетті болып табылмайды, соттың айрықша құзыреті болып есептеледі».