Атырау, 29 желтоқсан 00:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Екі ауылға үш автобус

2 280 просмотра

– Қазір Привокзальныйдан Мирас және Жұлдыз поселкелеріне бар-жоғы 3 ПАЗ автобусы ғана жүреді, басқа қоғамдық көлік құралы жоқ. Және ол автобустардың барлығы да адамға лық толы болады. Геолог поселкесіндегі мектепте оқитын біздің балаларымыз сабаққа жаяу барады, яғни, адамға толы автобус жүргізушілері оларға тоқтамайды да. Бұдан басқа, автобус жүргізушілері жұмыстарын кешкі жетіде бітіріп тастайды. Бұл маршрутқа қашан тәртіп енгізіледі?

Эльвира Қуанова

Қалалық әкімдіктің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢхабарлағанындай, бұл маршруттағы қоғамдық көлікке қатысты проблеманың туындауына қатты аяз себеп болған. Қазір осы маршрут бойынша шын мәнінде 8 автобустың тек 3-і ғана жұмыс жасауда.

Осы маршрут бойынша тасымалдауды жүзеге асырушы «Айдын» фирмасының директоры Оразалы ДАУЫЛБАЕВ әлі де автобустардың жетіспеушілігіне қатысты мәселенің орын алып отырғандығын мойындады. Тасымалдаушы фирма бұл проблеманы таяу арада шешуге уәде етті. Бұдан басқа, Дауылбаев осы аптадан бастап автобустардың сағат 21.00-ге дейін жүретіндігін мәлімдеді.

4 қаңтар 2012, 22:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.