Атырау, 26 сәуір 05:48
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жөндеу көктемде басталады

1 639 просмотра

– №17 мектеп-лицейді жөндеуге жабады деген алып-қашпа әңгіме бар. Бұл рас па және оқушылар қай мектептерге бөлінеді?

Ата-аналардың бір тобы

Қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фируза ШАНГЕРЕЕВАНЫҢ айтуынша, мектеп ғимараты 1977 жылы салынған, қазір ол күрделі жөндеуді қажет етеді. Бүгінгі күні демеуші табылды. Олар Каспий тұрба құбыр консорциумы. Қазір компания қызметкерлері мектепті тексеруден өткізіп, жобаны дайындамақшы. Жөндеу жұмыстары келер жылдың көктемінде басталады деп көзделіп отыр. Білім беру бөлімі қазір барлық оқушыларды жақын маңдағы бір ғана мектепке бөлу мүмкіндігін қарастыруда. Егер мектепті күрделі жөндеу жоспарланғандай көктемде басталса, онда жобаның аяқталуы 2012 жылдың аяғына дейін барады деп күтілуде.

23 қараша 2011, 20:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.