Атырау, 29 желтоқсан 01:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Еңбек өтіліңізді сот арқылы даулайсыз

1 894 просмотра

-Мен «Дәулетьяров» ЖК-да көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген едім. Кейін жалақысы аз болған соң шығуыма тура келді. Ал көп кешікпей  бұл жеке кәсіпкерлік жабылып қалды. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелу үшін және арнайы курс оқиын десем, ондағылар мені жұмыстан ресми түрде шығып кел деп өтінішімді қабылдамай отыр. Мекеме зейнетақы қорыма да ақша аударылмаған. Сонда ЖК жабылып қалса, мен қалай жұмыста тұрған болып есептелем?

Телефон арқылы

Атырау облыстық зейнетақы төлеу орталығы филиалының заңгері Рысты ҚАЛИЕВА:

- Қалалық жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелу үшін қолыңызда еңбек кітапшасы, егер ол болмаған жағдайда еңбек шарты болуы қажет. Жұмыста болдым, алайда жалақысы аз болған соң шығып кеттім деп көрсетіп отырсыз, яғни жұмыстан өз еркіңізбен кеткенсіз. Жұмысыңыздан қысқартуға түспеген жағдайда жұмысыңыздан айырылған топқа жатпайсыз. ЖК жабылып қалса, еңбек кітапшаңызда белгі болмаса, еңбек жасаған жылдарыңызды тек сот арқылы ғана анықтата аласыз.

4 қаңтар 2012, 22:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.