Атырау, 20 сәуір 13:44
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Итке де дәрігердің көмегі қажет

2 074 просмотра

-Кеше үй ауласынан жүгіріп жүрген қанден иттің күшігін көрдім, оның құйрығы кесіліп қалған, жарақатынан қан тамып тұр. Мұндай құйрықтары шолақ иттерді көшеден көптеп кездестіруге болады.  Сондайда қаланы айуандық жайлап кеткен бе деген сезімде боласың. Иттердің құйрығын қандай жағдайларда кесіп отыратындығын түсіндіріп кетсеңіздер? 

Телефон арқылы

Жеке ветеринар  Татьяна ДЕМЯШЕВАНЫҢ айтуынша, құйрықты шолақ етіп кесуді ит асыраушылардың халықаралық ассоциациясының тыйым салғанына он жылдан асты. Шетелде бірде-бір көрмеде шолақ құйрықты иттерге медаль бермек түгілі, қатыстыруға жол берілмейді. Атырауда құйрықты кестіртуге тапсырыстар бұрынғысынша жеткілікті түрде беріліп  келеді. Бірінші кезекте тапсырыстар төбелескіш тұқымды иттердің, айталық, Орта Азиялық, кавказдық овчаркалар мен стафордшер-терьер түрлерін асыраушы иелерінен түседі. Ондай операцияларды түрлі жансыздандырғыш құралдар мен басқа да аспаптарын қолдана отырып тек ветеринарлар ғана жасай алады. Ветеринарларға үй жағдайында құйрықтары кесілген иттерді жарасын асқындырып алып келіп жататындар да аз емес. Әдетте, құйрықты омыртқа сүйектері қосылған жерден кесу керек, ит асыраушылар көбіне кез-келген жерден балтамен шауып тастап жатады.

18 қаңтар 2012, 19:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.