Атырау, 15 қараша 07:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

Өз жерімді өзгеге қалай рәсімдеймін?

2 059 просмотра

- Менің времянка тұрғызылған жер учаскем бар. Соны ағамның атына аударғым келеді. Ол үшін қайда баруым және қандай құжаттар жинауым керек?

Е.Әміров

Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары Нәсіпқали СТАМҒАЗИЕВ:

- Егер де аталған жер учаскесін пайдалану құқығы жеке меншікке рәсімделген болса, онда азамат Е.Әміров өз жер учаскесін (құрылыс жайлармен) кез-келген нотариалдық кеңсе арқылы ағасының атына аудара алады. Қазіргі заң бойынша жер учаскесі жеке меншікке емес, уақытша пайдалануға беріледі. Анығырақ айтсақ, жер учаскесін игеру үшін екі жыл уақыт бөлінген. Осы екі жылдың ішінде белгілі бір мақсатқа берілген жер игеріліп үлгермесе, жер иесі уақытты ұзарту жөнінде арыз жазады. Одан бөлек, жер учаскесін пайдалану құқығы уақытша болған және жер учаскесін игерген жағдайда, сондай-ақ, жалпы кеңес алу үшін Атырау қалалық жер қатынастары бөліміне хабарласуыңыз тиіс.

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 94 Б.

4 қаңтар 2012, 22:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.