
Көкшетауда 45 жастағы стример TikTok желісіндегі тікелей эфирлер кезінде көрсеткен әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
Ведомствоның хабарлауынша, ер адам тікелей эфир кезінде бірнеше рет былапыт сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен.
Полицияның мәліметінше, оның тікелей эфирлерін сол сәтте жүздеген қолданушы тамашалаған.
Көкшетау тұрғынына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы материал толтырылды.
Сот шешімімен 45 жастағы стример 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция қоғамдық тәртіп пен мінез-құлықтың белгіленген нормаларын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
В Атырау +17.5