Атырау, 27 желтоқсан 02:10
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Пәтер кезегін қалай білеміз?

8 825 просмотра

- Мен жақында Сәтбаев көшесі, 20-үйде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына барып, пәтер кезегіне тұрдым. Енді пәтер кезегін білу үшін ондағы мамандар маған алты айдан кейін ғана келесіз дейді. Бұрын пәтер кезегін ай сайын біле алатын еді ғой? Кезегіміздің әділ жылжып отырғанына қалай көз жеткіземіз? Қолымызға берген пәтер кезегінің нөмірі жазылған түбіртекте мөр де басылмаған. Ол дұрыс па?

Бұл сұраққа қатысты Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы Әлия ДАРҒОЖИНА былай дейді:

- Біз ай сайын үй беріп жатқан жоқпыз ғой. Пәтер кезегін енді ай сайын емес, алты ай сайын біліп тұруға рұқсат. Себебі, пәтердің кезегін білуге келген халықтың қарасы көбейіп кеткен болатын. Бәрі де сол бір сұрақпен келеді – пәтер кезегі. Біреулері тіпті апта сайын келіп тұрады. Пәтер кезегі болса, сол баяғы күйінде, өзгеріссіз. Жылына екі рет құжат жаңартылады. Ал пәтер кезегі өзінің ретін сақтайды. Өзінен-өзі кейінге немесе ілгері жылжиды деген болмайды. Кезек тек қана пәтер берілген соң қозғалады. Ал түбіртекте мөр болмайды. Ол стандартты қағаз бойынша беріледі. Ал алты айда бір келгендерге мөрі мен маманның қолы қойылған анықтама беріледі. Алдағы уақытта тұрғындардың ұсынысы ескерілетін болады.

8 желтоқсан 2011, 18:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.