Атырау, 29 желтоқсан 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қашқын қаңғыбас

1 910 просмотра

– Біз Авангард-3 мөлтек ауданындағы  №41 үйде тұрамыз. Желтоқсанда біз үйдің жертөлесіндегі қаңғыбастардың арақ ішіп, төбелесіп, жертөледе от жаққандарының салдарынан  4 рет полиция және 2 рет өрт қызметін шақырған болатынбыз. Біздің «Әнуар» ПИК-нің төрайымы  жертөледегі тесікті бітеуге уәдесін берген еді, алайда, әлі күнге дейін орындаған жоқ. Бұл  жағдайда өрт сөндірушілер мен учаскелік инспектордың және ПИК-нің ешқандай өзара байланыстарының болмауы таңдандырады. Қалада орын алған терактілерден кейін барынша сақ болу керек емес пе?!

  www.azh.kz сайтынан

Біз бұл сауалға қатысты түсінік алу үшін «Әнуар» ПИК төрайымы Людмила ШАРОВАТОВАҒА хабарластық. Оның айтуынша, №41 үйдің жертөлесіндегі тесік 16 желтоқсанда-ақ бітелген. «41-ші үйдің жертөлесін бір қаңғыбас мекен етіп алған,- дейді ол.  – Алдымен ол №49 үйдің жертөлесінде болған еді, одан 76 үйдің жертөлесіне қоныс аударды. №41 үйде бірнеше рет өрт қойғаннан кейін, ол жоғалып кетті, басқа бір үйдің жертөлесіне кеткені анық. Қазір оны іздеп жатырмыз.

Ашық жертөлелерге келетін болсақ, оларды жабу үшін бізге темір, арматура, карбид пен кислород керек. Ал, бізде тарифте  бұл шығындар қарастырылмаған. Сондықтан да халықтан қосымша ақша жинамастан коммуналдық төлемдер есебіне қол салатын боламыз».

4 қаңтар 2012, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.