Атырау, 27 желтоқсан 02:21
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Газге уланып, өліп қала жаздады

2 085 просмотра

Индердің екі тұрғыны ажал аузынан қалды.

Үй адамдары шырт ұйқыда жатып, автономды газ қазанының өшіп қалғанын байқамаған. Қайта таңертең туыстары келгенде газге уланып жатқан 1966 және 1999 жылғы әйел мен қыздың үстінен түскен. Ақ халаттылардың жедел көмегі арқасында екеуі де ажалдан аман қалған болып шықты. Уланғандар бүгінде жан сақтау бөлімінен жәй палаталарға ауыстырылды, деп хабарлайды Индер ауданы бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарушы Райса БЕКЕСОВА. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 желтоқсан 2011, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.