Атырау, 26 желтоқсан 17:26
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

ЖИН алуға асығыңыз

2 467 просмотра

- Менің сұрайын дегенім, жеке идентификациялық нөмір (ЖИН) 2008 жылы және 2010 жылы туылған балаларымның туу туралы куәлігіне қажет пе? Ал өзімнің жеке куәлігімнің берілген күні: 27.12.2004 жыл. ЖИН менде де жоқ. Қалай болады?

Сіздің сауалыңызға Атырау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Ербол СЕРҒАЗИЕВ жауап береді:

- ЖИН қаңтардың 1-нен бастап зейнетақы, жалақы алып тұру үшін барлық жеке куәліктерде болуға тиіс. ЖИН жеке куәлік пен төлқұжаттарда 2007 жылы енгізіле бастады. Сондықтан ол сол жылдан кейін құжат рәсімдеген адамдарда бар. Сондықтан, 2008 жылы және 2010 жылы берілген туу туралы куәліктерде ЖИН болуы керек. Ал оның туу туралы куәліктерде 1 қаңтардан бастап болуға міндетті деген әзірге талап жоқ. Бірақ, жалпы туу туралы куәліктерде де ЖИН болуы керек. Ал 2004 жылы берілген жеке куәлікте ЖИН жоқ. Сол себепті де оны жаңа жылға дейін алу керек. Бұрыннан айтылып келе жатқандай, ол үшін жеке куәлік, төлқұжат, үй кітапшасы, кәмелетке толмаған  балалары болса, олардың туу туралы куәліктерін кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына әкеліп көрсету қажет.

8 желтоқсан 2011, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.