Атырау, 7 қазан 10:16
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жекешелендіру енді жүргізілмек

1 921 просмотра

– Бұрын біз ағамыз екеуміз С.Датов көшесі, 21 үйдегі жатақханада тұрған едік. 2006 жылы жатақхананы бұзды, қолымызға қала әкімінің қаулысы негізінде Аманшин көшесі, 74 үйден екі бөлмелі пәтерге ордер берді.  Біз содан бері қарай баспанамызды жекешелендіре алмай келеміз. Алдымен қалалық ТКШ бөліміне Мирасова ханымға  бардық, алайда ол осы мекен-жай бойынша пәтерлерді жекешелендіру тоқтатылғандығын және барлық құжаттарды қаржы полициясы тексеріп жатыр деп, құжаттарды қабылдаудан бас тартқан еді. 2011 жылдың наурыз айында жекешелендіруге құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жолдадық. Сәуір айында құжаттардың  тұрғын үй бөліміне жолданғандығы жөнінде қала әкімінің орынбасары Нұрлығожиевтің қолы қойылған  хабарламаны алдық. Бұл жолы Мирасова ханым жекешелендірудің 28 мамырда аяқталатындығына уәде берді. Бірақ, құжаттар әлі күнге дайын емес. Ол аз дегендей, қалалық ТКШ бөлімінің қызметкерлері ашықтан-ашық дөрекі сөйлеп, әуреге салады, бізден қашады, телефон қоңырауларына жауап бермейді.  Қайта-қайта мазалағаннан соң, Мирасова ханым бізге Аманшиндегі пәтерімізді жекешелендіре алмайтындығымызды мәлімдеді. Оған себеп, біз бұрын Датов көшесінде орналасқан жатақханадағы бөлмемізді жекешелендірмеген болып  шықтық. Алайда, бізге сол кездері бөлмемізді жекешелендіруге әкімдіктен, прокуратура, СЭС және басқа да мекемелердің өкілдерінен құралған арнайы комиссия рұқсат бермеген болатын. Өйткені, ғимаратты тексеріп шыққаннан соң оның жекешелендіруге жатпайтындығы анықталды. Яғни, тұруға қолайлы жағдай (жылу, газ, жарық, су болған жоқ) жасалмаған болатын. Жаңа пәтерімізді жекешелендіруден  қандай себептерге сүйеніп бас тартып отыр?

 Галина ПОГОДАЕВА

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ жауап береді:

– Азаматша Погодаеваның қалалық ТКШ бөлімі қызметкерлерінің дөрекілігіне қатысты айтқандары шындыққа жанаспайды,- деп атап өтті Ә.Нұрлығожиев. – Датов көшесіндегі жатақханада арызданушы ешқандай құжатсыз тұрған, тек пәтерлік кәртішкесі ғана болған. Соған қарамастан, аталмыш апатты үйлердің тұрғындарын көшіру барысында әкімдіктің қаулысына сәйкес Погодаеваға Аманшин көшесіндегі үйден пәтер алуға ордер берілген. Ұсынылған пәтерді жекешелендіру мәселесі сол кездерде мемлекеттік тұрғын үй қорының пәтерлерін жекешелендіру Ережесіне өзгерістер енгізіліп, қалалық әкімдіктің және қалалық мәслихаттың заң бөлімдерінде қаралғандықтан ұзақ уақытқа дейін шешімі табыла қойған жоқ еді. Бұл туралы шағымданушыға бірнеше рет хабарланды, алайда, ол оны тыңдауға құлықсыздық танытқан сияқты. Бүгінгі күні пәтерлерді жекешелендіру жөніндегі шарт рәсімделуде және таяуда әділет департаментінде тіркеуден өту үшін иелеріне берілетін болады. 

7 желтоқсан 2011, 21:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.