Атырау, 4 қазан 08:01
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Бәрі де заң талаптарына сай болады

1 824 просмотра

Оңайлатылған декларация негізінде шағын кәсіпорын (ЖШС) зейнетақы және әлеуметтік жарналарды қалай төлеуге тиісті? Айына бір рет пе, әлде, тоқсанға бір рет пе? Осы мәселеге қатысты бізде салық инспекциясының өкілімен арада жай ғана дау туып қоймай, мәселе сотқа дейін жетті. Сотта  мен зейнетақы жарнасы бойынша жеңіліп қалғаныммен, әлеуметтік жарналар бойынша жеңіп шықтым. Істі түрлі судьялар жүргізді. Енді тәуелсіз заңгерлерге жүгінсем деймін. Ай сайын төлеуге тиісті деген салық инспекциясы немесе салық кезеңі тоқсан  (438, 434-баптарда көрсетілгендей) болып есептеледі деген менікі дұрыс па, соны анықтағым келеді.

Телефон арқылы

Сауалға  «СЛОВО ЗАЩИТЫ» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА жауап береді. «Оңайлатылған декларация бойынша Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Оңайлатылған декларация бойынша арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері үшін  Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.  Бұл ҚР Салық Кодексінің 434 және 438-баптарында көрсетілген.

“Қазақстан Республикасы Үкіметі-нің 1999 жылғы 15 наурыздағы №245 қаулысымен бекітілген “Мін-детті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінің 3-1 тармағында былай деп көрсетілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналары зейнетақы төлеу жөнін-дегі мемлекеттік орталыққа: арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударады;

Алайда, осы Ереженің 3- тармақшасында былай деп көрсетілген, жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады және оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

Жағдайды түрліше өрбітуге және дәл осы жағдайда құжаттармен егжей-тегжейлі танысқан соң ғана нақты жауабын беруге болады».

18 қаңтар 2012, 19:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.