Атырау, 29 желтоқсан 01:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Кеден түсінік береді

2 328 просмотра

–Жаңа кедендік заңнамалар бойынша тауарларды уақытша сақтаудың ең ұзақ мерзімі қандай? Бұрын жүктің кедендік декларациясын беру 30 күнді құрайтын, қазір қанша күн?

Телефон арқылы

«Тауарға кедендік декларация уақытша сақтау мерзімі біткенге дейін беріледі. Ал, уақытша сақтау мерзімі Кедендік одақтың кедендік Кодексінің 268-бабы бойынша екі айды құрайды. Тауарға қатысты өкілеттілігі бар тұлғалардың немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша кедендік орган көрсетілген мерзімді ұзартады. Алайда, тауарларды уақытша сақтаудың шектеулі мерзімі төрт айдан аспауы керек».

-Біз өз клиенттеріміз үшін тауарларға тапсырыс бердік, оны Қазақстанға уақытша сақтау үшін әкеліп те үлгерді, оны енді беріп жіберуі тиіс. Алайда, қабылдаушы тарапта проблемалар туындап қалды. Тауарды уақытша әкелудің ең ұзақ мерзімі қандай және оны қалай ұзартуға болады?

Телефон арқылы

«ҚР «Кеден ісі туралы» Кодексінің 384-бабына сәйкес, декларант белгiленген тәртiппен толтырылған жүктiң кедендiк декларациясын оның электрондық көшiрмесiмен бiрге, сондай-ақ кедендiк мақсат үшiн қажеттi құжаттарды кеден органына бередi. Бұл жағдайда ең ұзақ мерзім 2 жылдан аспауы керек.  Уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант бұл мерзім аяқталғанға дейін кедендік органға растаушы құжаттары жалғанған ұзартудың қажеттілігі жөнінде өтініш беруі тиіс. Өтініш берілгеннен соң кеден департаментінің мамандары өзгермеген жағдайда тауардың бар екендігін анықтау үшін кедендік тексеру жүргізіп, акт жасайды. Өтінішті қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауы керек. Уақытша әкелу мерзімі бұл уақыт ішінде тоқтатылады. Егер кеден уақытша әкелу мерзімін ұзартуға рұқсат берсе, онда көрсетілген мерзім келесі мерзім аяқталған күнге дейін ұзартылатын болады. Кедендік орган мерзімді ұзартуға берілген өтінішке келісім бергенін немесе бас тартқандығын жазбаша түрде ұсынады».

Сауалға«Ақ Жайық - кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік қосынының бас маманы Ахмедияр ЖАЛҒАСОВ жауап берді.

4 қаңтар 2012, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.