Атырау, 29 желтоқсан 00:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Түнгі» тариф

1 583 просмотра

-Түнде біздің пәтердің жылу құбырынан су ағып, оны өз күшімізбен тоқтатуға тура келді. Судың қатты арынынан, оның үстіне суды қайдан тоқтатуды білмегендіктен көршімізге су кетіп қалды. Қалада кез-келген уақытта шақыртуға келетін, мейлі, ол ақылы болса да қызмет көрсететін апатты қызмет орындары бар ма?

Телефон арқылы

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, егер ПИК болса, бірінші кезекте, тіпті, түн болса да соларға хабарласу керек. Қалалық әкімдіктің  диспетчерлік қызметінің телефоны: 35-41-31. Кешкі сағат алтыдан кейін диспетчер тапсырыстарды қабылдайды да оларды жылу жүйелері қосынына, «Атырау-Жарық» және басқа да коммуналды және апатты қызметтерге жолдайды. «Алайда, бұл жағдайда коммуналшылардың келе қоюы екіталай. Олар үйден тыс жерлердегі ақауларды ғана ретке келтіреді, -деп нақтылайды баспасөз хатшысы. – Ал, пәтерде орын алған жағдайлар ол пәтер иелерінің шаруасы».

Бұрын жылыту маусымы кезінде қалалық ТКШ бөлімі «Эра» ЖШС апатты бригадасын жалдаған еді. Олар жертөлелердегі ақауларды жөнге келтіретін. ЖШС директоры Сәбит ҚҰСПАНОВТЫҢ айтуынша, биылғы жылы бюджетте апатты бригаданы ұстауға қаржы қарастырылмаған. «Қалалық әкімдікте олар өздерінің термомодернизацияға аз қаржы бөлмегендерін айтады, сондықтан да тұрғындар пәтерлеріндегі апаттарды өздері жоюы керек,- дейді ол. -Өткен жылы біздің бригада тәулік бойына апатты жою жұмыстарымен айналысты, оның ішінде иесіз үйлер де бар, қалада олардың саны -220».

23 қараша 2011, 20:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.