Атырау, 23 желтоқсан 12:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Есікке қысылып қалмаңыз!

- Балам СТГ-де бастауыш сыныпта оқиды. Сабақ аяқталғаннан кейін гимназия іші азан-қазан болады: бірінші ауысымдағы бүлдіршіндерді жоғары сынып оқушылары таптап тастайды деуге болады. Өйткені кіретін есіктер ешқашан толық ашылмайды. Балаларға сөмкелерімен тар есік қуысынан сығылысып өтуге тура келеді. Балаларға анағұрлым ұқыпты қарау үшін мектеп басшылығына қалай ықпал етуге болады? 24 қазан 2013, 00:00 1 972 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ең болмаса, жарық берсе екен

- Біздер Водников-2 ықшам ауданына ауыз су, электр жарығы, көгілдір отынның қашан қосылатыны және асфальт жолдың қашан төселетіндігі туралы білгіміз келеді. Жол бойына электр трансформаторы былтыр орнатылған еді, бірақ жарық әлі күнге берілген жоқ. Ал ауыз суды үйдегі бар ыдыстарға 3500-4000 теңгеге толтырып аламыз. Қыс болса, жақындап қалды, біз енді не істейміз, қайда барамыз? 24 қазан 2013, 00:00 3 116 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Таксистке заң жазылмаған

– Стихиялы тұрақжайға қатысты қаламыз үшін өте өзекті мәселені көтергім келеді. Таксистер жол қозғалысы ережелеріне қарамастан, көліктерін қиылыстарға, автобус аялдамаларына, аулаларға жақын жерге қояды. Бұл апатты жағдайларға жиі себеп боп жатады. Таксистерге басқа жүргізушілер, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жиі ескерту жасайды, бірақ олар елең қылмайды. 17 қазан 2013, 00:00 2 682 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Белгіні жасыруға болмайды

– Көліктің мемлекеттік нөмірін тесуге бола ма? Бұрын рұқсат етілетін. Ал қазір мемлекеттік нөмірді бекіту үшін базардан нөмір орнатқыш алу керек. Олардың сапасы нашар болғандықтан мемлекеттік нөмірді жоғалтып алуға болады. Бұл жағдайда мемлекеттік нөмірдің дубликатын алу үшін ЖПБ-на баруға тура келеді. 17 қазан 2013, 00:00 2 230 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дәрумендерге тыйым бар

– Жаз келген кезде қаланың барлық ауданында сауда дүкендері және көкөністер мен жемістер сататын ашық жаймалар пайда болады. Сатушылар – еліміздің оңтүстік өңірлерінен және таяу шетелден келгендер. Бағаны саудагерлердің өздері белгілейді. Мәселен, Авангардтағы соңғы аялдамада 1 келі жүзім 350 теңге тұрады, ал облыстық ауруханадан сәл әрі орналасқан жерде оны  («Медицина» және «На Гурьевской» АҚ дәріханаларының маңында) 400 теңгеден, облыстық аурухананың қасында 450-500 теңгеден сатады. Сауда жасауға оларға кім рұқсат береді және осындай сауда нүктелерінің қызметіне қалалық кәсіпкерлік және сауда бөлімі тарапынан сатушыларда санитарлық кітапшалардың бар-жоғына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларына бақылау жасала ма? 17 қазан 2013, 00:00 2 862 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салықтар тыныштық пен ашықтықты ұнатады

- Жақын арада шетелде мұнай компаниясына жұмысқа тұрған едім. Келісімшарт бойынша қызметкер өз елінің бүкіл салығын өзі төлейді, компания тек жергілікті салықтарды ғана төлейді. Егер мен шетелде жұмыс жасасам, Қазақстандағы (табыс, зейнетақы) салықтарды төлеуге тиіспін бе? Егер тиіс болсам, қандай салықтар және табыстың қанша пайызы? Менің қорға зейнетақы жарналарын аудармауыма бола ма? Өйткені мен бұл жүйеге сенбеймін. 17 қазан 2013, 00:00 3 064 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысының ережелері

– Біз облыстағы кеніштердің бірінде жұмыс жасаймыз. Бұрын алғашқы еңбек демалысы бізге 12 ай өткеннен кейін берілетін. Одан кейінгі демалыстарымызды демалыс кестесіне сәйкес толықтай көлемде, яғни, 28 күнтізбелік күнді (24 күн + зиянды жұмыс жағдайы үшін қосымша 4 күн) алатын едік... 3 қазан 2013, 00:00 6 944 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мазасыз өткен күндер

– Менің туысым 20 жылдан астам уақытын соттың үкімі бойынша психиатриялық емханада өткізді. Оны Атырауда да, Алматыда да емдеді. Бірақ оның психикалық ауытқушылығы емделетін сырқат. Бір жыл бұрын оны емханадан шығарған еді, енді ол қазір өз анасымен бірге тұрады. Ол өзін өте қалыптан тыс ұстайды. Біздегі жүйке-неврологиялық диспансер оны емдеуге қабылдайды, бірақ бір айдан кейін қайта шығарып жібереді. 3 қазан 2013, 00:00 2 121 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Несие шырғалаңы

– 2007 жылы банктердің бірінен 2024 жылға дейінгі мерзімге жер телімі бар тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн теңге несие алғанмын. Банкке кепілзат ретінде алып жатқан жер телімі бар тұрғын үйді салдық. Бастапқы кезде несиені кесте бойынша уақытында төлеп тұрдым. Бірақ содан кейін декреттік демалысқа шығуыма және күйеуімнің науқасына байланысты несиені уақытында төлей алмадым. Уақытында төлей алмау себебім туралы банкке жазбаша түрде хабардар еткен едім. Жақында банктің мені сотқа бергендігі туралы хабарлама келді... 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 585 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салықтың ауыр жүгі

– Өткен жылы алаңы 0,9 га болатын өзімнің жер телімім үшін 180 теңге сомасында салық төледім. Биыл салық басқармасынан осы телім үшін 7 мың теңгеден астам сомада жер салығын төлеуім қажеттігі туралы хабарлама келді. Салықты төледім, бірақ бір жыл ішінде оның сомасы неліктен өте көбейіп кеткенін білгім келеді. Егер салық басқармасының қызметкерлері хабарлама дайындаған кезде қателік жіберген болса, ал салық сомасы іс жүзінде аз болса, мен айырмашылық сомасын қайтара аламын ба? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 480 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жаңа есептегіш әзір болмайды

– Жақында «АтырауЭнергоСату» ЖШС бақылаушылары бізге есептегішіміздің жарамсыз екенін, дискінің жәй жүретіндігі байқалатынын айтты. Толтырылған актіге олар есептегіш аспаптың, атап айтқанда СОИБМЗ-2003 аспабының бекітілген мемлекеттік өлшем құралдарының тізіліміне енгізілмегенін жазып, бізді 10 күн ішінде ауыстыруға міндеттеді. Есептегіш аспаптың көп жыл жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, енді аяқ астынан оның мемлекеттік тізілімге енбей қалғаны анықталғаны қалай? Ендеше ол қалай орнатылған және бақылаушылар оны қалай есепке алған? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 550 рет қаралды
Сақ болыңыз, велосипедшілер! Сұрақ-жауап

Сақ болыңыз, велосипедшілер!

– Бізде қалада велосипедшілер көбейіп кеткен. Мен бұл көлік түріне мүлдем қарсы емеспін, бірақ велосипедшілер қолайсыздық қана емес, балалар мен ересектер үшін үлкен қауіп тудырады. «Ағила» сауда үйінің, Смағұлов атындағы аллеяның, орталық көпірден бастап Жилгородокқа дейінгі жағалау маңдары ересектердің және балалардың денсаулықтары мен өмірлері үшін қауіпті аймаққа айналған. Бұл әсірелеу емес. Велосипедшінің бір әйел адамды сәбиімен қағып кеткенін, ол әйелді ессіз күйде жедел жәрдемнің алып кеткенін білемін... Жаяу жүргіншілер аймағында велосипедшілердің жаппай жүруі жол қозғалысы ережесін бұзу боп табылады. Бірақ бұған ешкім мән бермейді. Неге белгілер қойып, жағдайға бақылау жасап, ереже бұзушыларға айыппұл салмайды, тіпті ереже бұзушылардың көліктерін тәркілемейді? 5 қыркүйек 2013, 00:00 3 208 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Білімге құштарлық

- Мен APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) оқу орнында студенттер толық жинақталмағанын естіп таң қалдым. Өйткені інім Берік Ж. өткен маусымда бірнеше рет түсу емтихандарын тапсырып, өкінішке орай, өте алмай қалды. Осы жылғы емтихандарға да ұқыпты дайындалды – ағылшын тілін үйрету курсына қатысты. Алайда оған емтихандарды кері тапсыруға болмайды деп, сынаққа жібермей қойды. Бұл жағдайдан шығар жол бар ма екен? Інімнің осы APEC Petrotechnic-те оқуға деген құштарлығы күшті. 29 тамыз 2013, 00:00 2 746 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жеңілдіктер аймағында

- 1979 және 1981 жылдар аралығында мен ядролық сынақтар өткізілген Семей облысы Аягөз қаласында мерзімдік әскери қызметімді атқардым. Менің қолымда қатерлі аймақта болғанымды растайтын құжат бар. 2005 жылы қалалық жұмыспен қамту бөлімі мені ядролық сынақтар әсерінен зардап шеккен адам ретінде тізімге тіркеді. Шамадан тыс радиациялық қатер аймағында бірнеше жыл мерзімдік әскери қызмет атқарғаным үшін маған жыл сайын қосымша 10 күндік демалыс беріле ме? Соңғы үш жылда жұмыс берушім маған мұны беруден бас тартып жүр. Егер демалыс берілетін болса, маған оны қалай өтейді? Ядролық сынақтан зардап шеккендерге тағы басқа қандай жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер бар? 29 тамыз 2013, 00:00 2 422 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үш жылға дейін жүре бер

- Шілденің аяғында автосалоннан 2013 жылы шыққан автокөлік сатып алдым. Техпаспорт, мемлекеттік нөмір алдым, сақтандыру бетшесін ресімдедім, 2013-тің соңына дейін көлік салығын да төлеп қойдым. Биыл техникалық байқаудан өтуім керек пе? Егер керек болса, қанша мерзімге? 29 тамыз 2013, 00:00 2 360 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Орныңды білу керек

- Менің үйімнің маңында тұрған, қыздырылмаған автокөлік ішінде достарыммен алкогольдік ішімдіктер ішуге құқым бар ма? Сонымен қатар, полиция қызметкері маған көліктен шық деп бұйырып, құжаттарымды тексеруге, хаттама толтырып, жауапкершілікке тартуға құқылы ма? 29 тамыз 2013, 00:00 4 236 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Монополистің рұқсаты міндетті

- Заңды және жеке тұлғалар үшін пайдалануға беру актісіне (бегунок) қанша және қандай ұйымдар қосылған? Толық тізбесін көрсетіңіздерші. Кез келген актіге «Атырау-Жарық» қосылатыны белгілі. Ең басты сұрағым: комиссиялық құжатқа неге жеке компания қосылған?   22 тамыз 2013, 00:00 1 841 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Куәлікте белгіленбеген

- Мен жалғыз басты анамын. Баланың әкесі мен жүкті кезімде баладан бас тартты. Туу туралы куәлік алуға өтініш берерде «әкесі» деген бағанды бос тастап кеттім, балаға өз тегімді бергім келді. Алайда ХҚКО-да маған өтінішті дұрыс толтырмадың, бос жер тастап кетуге болмайды деп, туу туралы куәлік беруден бас тартты. Енді не істеуім керек? 22 тамыз 2013, 00:00 2 194 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Талап ете аласыз

– ЖКО салдарынан алынған зиян сомасын аудару кезінде менің сақтандыру компаниям франшиза деп аталатын 10 пайызды ұстап қалды. Мен осы 10 пайызды апатқа кінәлі тұлғадан талап ете аламын ба? Бұл мәселе заңның қандай баптарымен реттеледі? 8 тамыз 2013, 00:00 2 682 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Полигон үшін төлейді

– 1980 жылы Атырауға көшіп келгенше мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туып-өстім. Келесі жылы зейнеткерлікке шығамын. Ядролық сынақтар өткізілген аумақта тұрған жан ретінде маған қандай да болмасын арнайы жәрдемақы мен жеңілдіктер тиесілі ме? 8 тамыз 2013, 00:00 2 924 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Студенттер қайда болса, құжаттар да сонда

- Мен Маркетинг және менеджмент колледжіне 2004 жылы оқуға түсіп, 2006 жылы академиялық демалысқа кетіп қалған едім. Негізі оқу орнын 2007 жылы аяқтауым тиіс болатын. Денсаулығыма байланысты ұзақ уақыт демалыста болдым, кейін 2010 жылы колледж жабылып қалды. Егер соңғы оқу жылымның ақшасын төлесем, қолыма диплом ала алам ба? Құжат тапсырғандағы орта білім туралы аттестатымды алу үшін қайда хабарласуға болады? 8 тамыз 2013, 00:00 2 381 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Білім алудың да өз реті бар

- Менің 1988 жылы туылған балам Қазіргі заманғы гуманитарлық академияның сырттай бөлімінде оқиды. Енді осы оқуын жалғастыра отырып, ол Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжіне де сырттай бөлімге оқуға тапсыра ала ма? Колледж ұжымы қабылдаймыз деп отыр, дегенмен болашақта кедергілер болмай ма? Бір мезгілде екі оқу орнында оқып, диплом алу заңды ма? 11-сыныпты бітірген балам колледжде неше жыл оқиды? 8 тамыз 2013, 00:00 2 257 рет қаралды
Адал нотариус Сұрақ-жауап

Адал нотариус

- Біз жер телімін алғанбыз. Сатып алу-сату мәмілесін демалыс күні нотариустан жасадық. Рәсім барысында сатушы ХҚКО-дан бір күн ғана әрекет ететін сатып алатын жерінің мүліктік ауыртпалығы жоқтығы жөнінде анықтаманы сол демалыс күні алғаны бізді таңғалдырды. Сондай-ақ мәміле жасау аяқталғаннан кейін нотариус бізге жердің мемлекеттік актісінің түпнұсқасын емес, көшірмесін бергені түсініксіз болды. Сонымен қатар нотариус жер телімін тіркеуді де осы кеңседен жасауды ұсынды. Мұның бәрі қаншалықты заңды? 1 тамыз 2013, 00:00 3 007 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй салуға рұқсат

- Мен Тайманов көшесі бойындағы 24 үй тұрғынымын. 2010 жылы қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өзімнің ескі үйімді бұзып, орнына жаңа үй салуға рұқсат сұрап жолыққан едім. Сол кезде бөлімдегілер Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес, Тайманов көшесін бойындағы үйлер бұзу аймағында екенін ескертіп,  рұқсат берілмейтінін айтқан еді. Бірақ одан бері көше тұрғындарының көпшілігі жаңа тұрғын үй салып алды. Үйлердің қай уақытта күрелетіндігін немесе рұқсат берілетін-берілмейтіндігін білгім келеді. 1 тамыз 2013, 00:00 2 413 рет қаралды
Сұрақ-жауап

...Сіздің қалуыңызды өтінемін

– Диплом алу үшін АМУ стденттері кету қағазын тапсырулары тиіс. Тізімде жазылған әскери комиссариаттағылар да медкомиссиядан өтуді талап еткен. Осы заңды ма? Менің білуімше, комиссия тек күзде ғана болады ғой. 25 шілде 2013, 00:00 3 130 рет қаралды
Есепшотты әкеліңіз! Сұрақ-жауап

Есепшотты әкеліңіз!

– Неліктен «Қазақтелеком» үйге төлем түбіртектерін жібермейді? Менде ай сайын (абоненттік төлемге, қалааралық және ұялы байланыс қоңырауларына) әр түрлі сома шығады. Терминалдың «Жеке кабинетінде» толық тізім көрсетілмейді және терминал ақша қайтармайды. Мұндай жағдайда не істеу керек? 25 шілде 2013, 00:00 3 863 рет қаралды
Әкелер мен балалар Сұрақ-жауап

Әкелер мен балалар

– Мен әйеліммен бір жыл бұрын Махамбет сотында әйелімнің мекен-жайы бойынша ажырастым. Кәмелетке толмаған екі баламды маған тәрбиелеуге қалдырғанын қалаған едім, өйткені әйелім бірге өмір сүрген 6 жыл ішінде балаларға қараған жан емес. Бірақ Махамбет соты менің дәлелдеріме және әрі бірінші некедегі бұрынғы әйелімнен туған қызымды оның ата-анасы тәрбиелеп жатқандығына қарамастан балаларды әйеліме қалдырды. 25 шілде 2013, 00:00 3 443 рет қаралды