Атырау, 28 желтоқсан 23:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Белгіні жасыруға болмайды

2 092 просмотра

– Көліктің мемлекеттік нөмірін тесуге бола ма? Бұрын рұқсат етілетін. Ал қазір мемлекеттік нөмірді бекіту үшін базардан нөмір орнатқыш алу керек. Олардың сапасы нашар болғандықтан мемлекеттік нөмірді жоғалтып алуға болады. Бұл жағдайда мемлекеттік нөмірдің дубликатын алу үшін ЖПБ-на баруға тура келеді.

Арман

Облыстық ІІД жол полициясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері үшін жарық қайтаратын жабыны бар мемлекеттік тіркеу белгілері және белгілер үшін дайындамалар» ҚР СК 986-2012 Ұлттық стандартының 10.55 және 10.6 тармақтарының талаптарына сәйкес, нөмірлік белгілерді бекіту үшін белгі жиегі түстес қалпағы немесе ашық түсті гальваникалық жабыны бар бұрандама немесе бұранда қолданылуы тиіс. 

Жиектеменің көмегімен белгілерді бекітуге рұқсат етіледі. Бұрандамалар, бұрандалар мен жиектемелер белгілердегі ҚР мемлекеттік туының белгілерін, айрықша «KZ» белгісін, әріптерді, цифрлар мен жиегін бөгемеуі немесе бұрмаламауы тиіс. Белгіні органикалық шынымен немесе басқа материалдармен жабуға болмайды.

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.