– Неліктен «Қазақтелеком» үйге төлем түбіртектерін жібермейді? Менде ай сайын (абоненттік төлемге, қалааралық және ұялы байланыс қоңырауларына) әр түрлі сома шығады. Терминалдың «Жеке кабинетінде» толық тізім көрсетілмейді және терминал ақша қайтармайды. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Телефон арқылы
Сұраққа АОТД-ның жұртшылықпен байланыс және корпоративтік портал жөніндегі маманы Жанар БІЛӘЛОВА жауап берді:
– Өкінішке орай, Дирекция қызметкерлері толық тізімін тексеру үшін және телекоммуникация қызметінің есепшотын жеткізу үшін абонент өз мекен-жайы мен телефон нөмірін көрсетпеген. Қызметтердің төлем есепшоттары автоматтанған есеп-айырысулар жүйесі арқылы жасалады, ал оларды абоненттерге жеткізумен «Қазпошта» АҚ Атырау филиалы айналысады. Қызметке 160 телефонына қоңырау шалып, сервистік қызмет көрсету қосынына (Абай көшесі, 6) өтініш беруге, www.id-port.kzсайтындағы жеке кабинет арқылы жазылуға болады және ай сайын электронды пошта арқылы телефон есепшотының толық тізімі жолданатын болады. Тіркелу кезінде телефон нөмірі тіркелген абоненттің жеке бас куәлігі болуы керек. Сонымен қатар телефон есепшоттарының толық тізімін ақпараттық дүңгіршек (терминал) арқылы алуға болады. 18 шілдедегі ахуал бойынша Атырау ОТД-ның 16 мыңнан астам абоненттері (жеке тұлғалары) телефон қоңырауларының толық тізімін e-mail-ға жолдайтын тегін сервистік қызметті орнатқан. Ай сайын 5-ші жұлдызға дейін абоненттің жеке электронды мекен-жайына сөйлесулердің толық тізімі мен жеке есепшот бойынша аударылымдар тізімі жіберіледі. Бұдан басқа, абоненттерге «Қазақтелеком» АҚ өткізетін акциялар мен шаралар, жаңа инфокоммуникациялық қызмет түрлері туралы ақпарат жолданады. Е-mail-жіберілімдерге жазылған және қарыздары жоқ абоненттерге қағаз түрінде есепшоттар жеткізілмейді.
Терминалдың ақша қайтармау себебінен туындайтын артық төлемдерге келер болсақ, ол автоматты түрде абоненттің есепшотына алдын ала төлем түрінде есептеліп, ескеріледі.