Атырау, 26 желтоқсан 16:05
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Полигон үшін төлейді

2 783 просмотра

– 1980 жылы Атырауға көшіп келгенше мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туып-өстім. Келесі жылы зейнеткерлікке шығамын. Ядролық сынақтар өткізілген аумақта тұрған жан ретінде маған қандай да болмасын арнайы жәрдемақы мен жеңілдіктер тиесілі ме?

Телефон арқылы

ҚР Әділет және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығындағылар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының аясында бүкіл Семей облысының аумағы және Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының полигонға іргелес жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп танылғанын түсіндірді.

- Әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтар;
-1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтар;
-1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтар;
- осы тармақтың екiншi және үшiншi абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балалары олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себептi байланыстар анықталған жағдайда ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер боп есептеледі.

Мұнда заң халыққа радиацияның әсер ету мөлшеріне қарай бес аумақты бөлген.

Төтенше радиациялық қауiптi аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы, Сарыжал ауылдық округінің, Бесқарағай ауданы, Долон ауылдық округінің, таратылған Жаңасемей ауданының Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады. Ең жоғары радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай және таратылған Жаңасемей аудандарының, Семей қаласы Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Таңат ауылдық округтерінің, Павлодар облысы Май ауданы Ақжар және Малдар ауылдық округтерінің елдi мекендерi жатады.

Жоғары радиациялық қауiптi аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандарының елдi мекендерi, Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер қалалары; таратылған Қазыбек би ауданының аумағы шегінде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Павлодар облысының Май ауданы жатады. Ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Yржар, таратылған Таскескен, Көкпектi, Ақсуат, Зырян, Зайсан және Тарбағатай аудандарының; Қарағанды облысының таратылған Қазыбек би ауданының аумағын қоспағанда, Қарқаралы ауданының; Павлодар облысының Лебяжi ауданының елдi мекендерi жатады. Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумаққа Павлодар облысының Баянауыл ауданы жатады. Оқырман тұрған елді мекен аймақтардың бірде-біреуіне жатпайды. Демек, ол жеңілдіктер мен арнайы жәрдемақы ала алмайды.

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.