Атырау, 27 желтоқсан 06:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Аумаққа кіру - ақылы

1 911 просмотра

- Жақында облыстық перзентхана аумағына көлікпен кірген кезде менен ақы талап етті. Осы қаншалықты заңды?  

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВА түсінік берді:

- 2012 жылы Атырау облыстық перзентханасы Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. 2012 жылдың мамыр айынан бастап біз ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген өзге қызметпен айналысу құқына ие болдың. Кәсіпорын көрсететін қызметтердің бағасы кәсіпорынның мемлекеттің тапсырмасынан тыс көрсететін қызметтерінің бағасын Кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 

Кәсіпорын аумағына кіру үшін ақы 2005 жылдан бастап қызметтік автокөліктен басқа автокөліктердің барлық түрінен алынуда. 2013 жылдың 15 қаңтарында перзентхананың бас дәрігерімен көрсетілетін қызметтердің тізіміне сәйкес, емделушілердің (босанған әйелдердің) бөлмесіне 1 рет кіру – 140 теңге; автокөлікпен кәсіпорын аумағына кіру – 160 теңге көлемінде бекітілген. Алайда, жаз айларында емделушілердің (босанған әйелдердің) бөлмесіне және автокөлікпен кәсіпорын аумағына кіру үшін бірдей мөлшерде, яғни, 100 теңге көлемінде ақы төлеу белгіленген.

1 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.