Атырау, 25 сәуір 04:22
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мазасыз өткен күндер

1 820 просмотра

– Менің туысым 20 жылдан астам уақытын соттың үкімі бойынша психиатриялық емханада өткізді. Оны Атырауда да, Алматыда да емдеді. Бірақ оның психикалық ауытқушылығы емделетін сырқат. Бір жыл бұрын оны емханадан шығарған еді, енді ол қазір өз анасымен бірге тұрады. Ол өзін өте қалыптан тыс ұстайды. Біздегі жүйке-неврологиялық диспансер оны емдеуге қабылдайды, бірақ бір айдан кейін қайта шығарып жібереді. Қазір бәріміз үнемі үреймен, қорқынышпен өмір сүріп жүрміз, онымен бірге тұру адам төзгісіз әрі қауіпті. Сарайшық ауылында жүйке жүйесі сырқатына шалдыққан адамдарға арналған мекеме бар деп естідім. Ол жерге туысымызды қалай орналастыруға болады?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан МҰХАМБЕТОВ жауап берді:

– Туыстарына біздің басқарманың мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөліміне хабарласу қажет. Ол жерден арыз жазып, қажетті құжаттар ұсыну керек болады. Алайда оны Сарайшықтағы жүйке‑неврологиялық интернатқа орналастырудың тез шешіле қоюы неғайбыл. Өйткені 310 адамға арналған интернатта қазіргі уақытта 319 адам орналасқан. Оған қоса осы мекемеге 150 адам кезекте тұр. Интернат ғимаратына қосымша 200 орындық жалғама салу жоспарда бар. Қалай еткенде де, құжаттарды тапсырып, қазірдің өзінде кезекке тұру керек.

3 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.