– ЖКО салдарынан алынған зиян сомасын аудару кезінде менің сақтандыру компаниям франшиза деп аталатын 10 пайызды ұстап қалды. Мен осы 10 пайызды апатқа кінәлі тұлғадан талап ете аламын ба? Бұл мәселе заңның қандай баптарымен реттеледі?
Ғафур Ғабдуллин
Сұраққа «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВ комментарий берді:
– ҚР Азаматтық кодексінің 820-бабына сәйкес, сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау тәртібі келісімшартпен анықталады. Яғни сақтандыру келісімшартында франшиза туралы шарттар болуы мүмкін, атап айтқанда бұл сұрақ ҚР Азаматтық кодексінің 826-бабымен реттеледі. Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату деген сөз. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады. Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, алайда оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі. Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.
Егер жүгінушінің келісімшартында көрсетілген мөлшерде шартсыз франшиза туралы шарт болса, онда сақтандыру компаниясының келісімшарт негізінде 10 пайызды ұстау әрекеті заңды. Кінәлі тараптан зиян сомасының ұсталған 10 пайызын өтеу мәселесіне келер болсақ, ҚР Азаматтық кодексінің 931-бабында қызметiайналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерiжәне т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерiкелтiрген зиянды өтеуге мiндеттi. Зиянды өтеу мiндетiменшiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердiберу туралы құзыреттiорганның өкiмiарқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушiзаңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.
Сіздің ЖКО-ға кінәлі тұлғадан сақтандыру компаниясы ұстаған сақтандыру төлемінің сомасының 10 пайызын талап етуге толық құқығыңыз бар. Ол төленбеген зиян сомасы боп табылады.