Атырау, 29 желтоқсан 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

...Сіздің қалуыңызды өтінемін

2 961 просмотра

– Диплом алу үшін АМУ стденттері кету қағазын тапсырулары тиіс. Тізімде жазылған әскери комиссариаттағылар да медкомиссиядан өтуді талап еткен. Осы заңды ма? Менің білуімше, комиссия тек күзде ғана болады ғой.

Айгүл НЫҒМЕТОВА

Сұраққа Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқарма бастығы Сейіткерім САПАРБАЙҰЛЫ жауап берді:

- Шақырту науқаны жылына екі мәрте өткізіледі (сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда) және осы уақытта әскер қатарына шақырылғандар медкомиссиядан өтеді. Сондықтан қазір жоғарғы оқу орындарының түлектері медкомиссиядан өте алмайды. Оларды 17 жастан бастап шақырту жасындағы әр бозбалаға ресімделетін әскер қатарына шақырылушының жеке ісі үшін құжаттар жинауды өтінсе, бұл басқа мәселе. Жеке іс толық құжаттар пакетінен тұрады: жеке бас куәлігінің, ата-аналарының неке туралы куәлігінің көшірмелері, әскер қатарына шақырылушының тұрғылықты жері туралы ХҚО-дан анықтама және т.б. Егер қандай да болмасын құжат жетіспесе, оларды әкелуді талап етуі мүмкін. Әскери комиссариат үнемі жүздеген бозбалаға шақыртулар жібереді, оның ішінде жастардың шамамен оннан бір бөлігі ғана келеді. Қалғандары шақырту қағаздарын елемейді, кейбірі жасырынып жүреді. 8-сыныпты бітіргеннен кейін әскери комиссариаттың назарынан тыс қалатын жастар өте көп (әскери есепке қою 11-сыныпта жүргізіледі). Содан соң олар бірнеше жылдан кейін әскери комиссариаттан қағаз керек болғанда ғана келеді.

25 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.