Атырау, 27 желтоқсан 04:00
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Адал нотариус

2 840 просмотра

- Біз жер телімін алғанбыз. Сатып алу-сату мәмілесін демалыс күні нотариустан жасадық. Рәсім барысында сатушы ХҚКО-дан бір күн ғана әрекет ететін сатып алатын жерінің мүліктік ауыртпалығы жоқтығы жөнінде анықтаманы сол демалыс күні алғаны бізді таңғалдырды. Сондай-ақ мәміле жасау аяқталғаннан кейін нотариус бізге жердің мемлекеттік актісінің түпнұсқасын емес, көшірмесін бергені түсініксіз болды. Сонымен қатар нотариус жер телімін тіркеуді де осы кеңседен жасауды ұсынды. Мұның бәрі қаншалықты заңды?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық нотариалды палатасының төрағасы Гүлнәр МАСАТОВА жауап береді:

- Нотариус әрекеттерінде заңсыз еш нәрсе жоқ. егер нотариус электронды үкімет жүйесіне шыға алатын болса, ауыртпалық туралы анықтаманы электронды түрде ала алады. Сондықтан да демалыс күндері бұл анықтаманың алынуынан қорқудың қажеті жоқ. Мемлекеттік акті жөніне келсек, бұрын мемлекеттік актіде меншік иесінің аты-жөні жазылатын, қазір жазылмайды. Егер мемлекеттік актіде меншік иесінің тегі болса, сатып алушының жер телімін кері ресімдеуі үшін мемлекеттік актінің түпнұсқасы беріледі, ал егер тегі жоқ болса, көшірмесі беріледі. Нотариустың жер телімін тіркеуді жүргізу туралы ұсынысына да таңданудың қажеті жоқ. Азаматтардың мәміле жасалған бойда нотариустың осы қызметін пайдалануын немесе барлық қажетті құжаттармен ХҚКО-ға өздігінен барып ресімдеуді таңдау құқығы бар.

1 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.