Атырау, 12 желтоқсан 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Жеңілдіктер аймағында

2 272 просмотра

- 1979 және 1981 жылдар аралығында мен ядролық сынақтар өткізілген Семей облысы Аягөз қаласында мерзімдік әскери қызметімді атқардым. Менің қолымда қатерлі аймақта болғанымды растайтын құжат бар. 2005 жылы қалалық жұмыспен қамту бөлімі мені ядролық сынақтар әсерінен зардап шеккен адам ретінде тізімге тіркеді. Шамадан тыс радиациялық қатер аймағында бірнеше жыл мерзімдік әскери қызмет атқарғаным үшін маған жыл сайын қосымша 10 күндік демалыс беріле ме? Соңғы үш жылда жұмыс берушім маған мұны беруден бас тартып жүр. Егер демалыс берілетін болса, маған оны қалай өтейді? Ядролық сынақтан зардап шеккендерге тағы басқа қандай жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер бар?

Телефон арқылы

Сұраққа ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық-анықтамалық орталығы жауап берді:

- ҚР-ның «Семей ядролық полигонындағы сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, осы аумақта жер асты ядролық жарылыстар жүргізілген 1966 және 1990 жылдар аралығында өмір сүрген, жұмыс жасаған және қызмет атқарған (мерзімдік әскери қызмет те кіреді) азаматтар зардап шеккендер қатарына қосылады. Радиоактивті қатер аймағында тұратын немесе тұрған азаматтарға ядролық жарылыстар салдарынан болған шығындар үшін бір реттік ақшалай өтемақы төлеу кепілдендірілген. Аягөз қаласы шамадан тыс радиоактивтік қатер аймағында орналасқан. Осы аймақта 1949 жылдан 1965 жыл аралығында тұрған тұлғаларға әр тұрған жылы үшін 1,5 АЕК және 1966-1990 жылдар аралығында тұрған әр жылдары үшін 0,75 АЕК мөлшерінде бір реттік жәрдемақы тиісті.

Бір реттік ақшалай өтемақыны алуға алғашқы кезекте зейнеткерлік жасқа толған азаматтар құқылы. Сол заңның 13-бабына сәйкес жыл сайынғы ақшасы төленетін қосымша 10 күндік еңбек демалысы қатерлі аймақта тұратын тұлғаларға тиесілі.

Сондай-ақ, Семей полигонындағы ядролық жарылыстар салдарынан зардап шеккендер зейнеткерлікке шыққанда жеңілдіктерге ие. Семей полигонындағы ядролық жарылыстар салдарынан зардап шеккендер санатына жататын тұлғалардың зейнеткерлікке шығарда ядролық қатер аймағында тұру мерзіміне байланысты жастары қысқартылады.

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.