Атырау, 24 қазан 09:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Күнтізбеге үңіліңіз

2 212 просмотра

– 24 күнді құрайтын жыл сайынғы еңбек демалысым кезінде екі мемлекеттік мереке күндері бар. Осы қосымша екі күн қалай есептеледі?

Телефон арқылы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығы жауап ұсынды:

– ҚР Еңбек кодексінің 103-бабының негізінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Тиісінше, егер демалыс мереке күндеріне сәйкес келетін болса, бұл демалыстың ұзақтығы тиісінше мереке күндерінің санына сәйкес көбейеді. Мұнда қосымша күндер күнтізбелік күндермен есептеледі.  Мәселен, сіздің демалысыңыз күнтізбелік 24 күнді құраса, айталық сіз жұмысқа жұма күні шығатын болсаңыз, демалыс уақытында болған екі мерекелік күнді есепке алғанда, жұма күні сіз демаласыз, екінші қосымша күн сенбіге тура келеді. Осылайша, жұмысқа дүйсенбіде шығасыз.

3 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.