- Заңды және жеке тұлғалар үшін пайдалануға беру актісіне (бегунок) қанша және қандай ұйымдар қосылған? Толық тізбесін көрсетіңіздерші. Кез келген актіге «Атырау-Жарық» қосылатыны белгілі. Ең басты сұрағым: комиссиялық құжатқа неге жеке компания қосылған?
Сұрақ azh.kz сайтынан алынды.
Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап береді:
- Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» Заңның 78 бабы талаптарына сәйкес Атырау қаласы әкімдігінің жанынан өндірістік мақсаттағы нысандар мен тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы нысандарды қолданысқа қабылдау бойынша тұрақты әрекет ететін мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылды. Оның құрамына жоғарыда айтылған заңның 78- бабы 7-тармағында көрсетілген барлық сәйкесінше мемлекеттік органдар қосылған. Сондай-ақ, келісім бойынша комиссияға «Атырау Жарық» АҚ қосылды, өйткені бұл кәсіпорын нысандарды электрмен қамту саласында монополист болып табылады.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің №1278 қаулысына сәйкес, меншік иесі осы заңның 74-бабында көрсетілген техникалық қиын емес нысандарды өз бетінше қабылдауды жүзеге асыруға құқылы.