– Бизнеспен айналыссам деймін. Тапсырыстар жинап, интернет арқылы тауарларға тапсырыс бергім келеді. Қандай да болмасын шектеулер мен жіберілмейтін тауарлар бар ма?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айсұлу ТӨЛЕУІШЕВА жауап берді:
- Кедендік одақтың кедендік аумағындағы жеке тұлға боп табылатын бір алушының мекен-жайына күнтізбелік бір ай ішінде тауарлар жіберуге болады. Олардың кедендік құны 1 000 еуроға баламалы сомадан және жалпы салмағы 31 келіден аспауы керек. Осы нормадан асқан жағдайда бірыңғай мөлшерлеме бойынша (кедендік құнның 30 пайызы) кедендік алымдар қарастырылған. Бұл бірақ құндық және (немесе) салмақтық нормасынан асып кеткенде 1 келі салмаққа 4 еуродан кем болмауы керек. Интернет бойынша мына тауарларға тапсырыс беруге және тиісінше салып жіберуге болмайды: алкоголь өнімдері, темекі өнімдері мен шылым қоспаларының кез келген түрі, қарудың кез келген түрі және олардың бөлшектері, азаматтық және қызметтік қаруларға құрылымы ұқсайтын бұйымдар, мәдени құнды заттар, тез бұзылатын тауарлар, кез келген түрдегі және күйдегі өсімдіктер, өсімдіктердің тұқымы, кез келген түрдегі және күйдегі бағалы тастар, есірткі заттары, есуастандыратын заттар және соның ішінде дәрілік заттар түріндегі олардың прекурсорлары. Егер салып жіберуге тыйым салынған тауарлар табылатын болса, кедендік органдар осындай тауарларды кідіртеді. Жеке пайдалану үшін жеке тұлғаларға Халықаралық пошталық жіберілетін тауарларға зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғау шаралары қолданылмайды.