Атырау, 24 қазан 09:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Дәрумендерге тыйым бар

2 690 просмотра

– Жаз келген кезде қаланың барлық ауданында сауда дүкендері және көкөністер мен жемістер сататын ашық жаймалар пайда болады. Сатушылар – еліміздің оңтүстік өңірлерінен және таяу шетелден келгендер. Бағаны саудагерлердің өздері белгілейді. Мәселен, Авангардтағы соңғы аялдамада 1 келі жүзім 350 теңге тұрады, ал облыстық ауруханадан сәл әрі орналасқан жерде оны  («Медицина» және «На Гурьевской» АҚ дәріханаларының маңында) 400 теңгеден, облыстық аурухананың қасында 450-500 теңгеден сатады. Сауда жасауға оларға кім рұқсат береді және осындай сауда нүктелерінің қызметіне қалалық кәсіпкерлік және сауда бөлімі тарапынан сатушыларда санитарлық кітапшалардың бар-жоғына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларына бақылау жасала ма?

Телефон арқылы

Бізге қалалық кәсіпкерлік бөліміндегілер хабарлағандай, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етудің минималды нормативтері бойынша ұсыныстар жасақтайды. Биыл көшпелі сауда туралы қаулы жобасын жергілікті атқару органының құрылымдары мақұлдамаған еді. Яғни, әкімдік тарапынан көше саудасына рұқсат берілмеді. Ал жергілікті шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін сату үшін «Дина» мен «Көктем» базарларында, сондай-ақ,«Насиха» сауда үйінде жеңілдік шарттарымен сауда орындары берілді. Белгіленбеген орындарда сауда жасау әкімшілік құқықбұзушылық боп табылады. Соған байланысты тексерулер жүргізіліп отырады. Соның нәтижесінде ішкі істер органдары жыл басынан бері 46 хаттама толтырды. Көше саудагерлерінің қызметіне қатысты Атырау қаласының ішкі істер басқармасы мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына шағымдану керек.

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.